Өңірлер

Тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді

© Sputnik / Владислав ВодневАстанчане в Ботаническом парке во время карантина
Астанчане в Ботаническом парке во время карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.07.2021
Жазылу
Қазақстанның өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай нашарлады. Қостанай облысы "қызыл" аймаққа кірді

НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде  – Sputnik. 11 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлады COVID-19 індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.

Оқи отырыңыз: Коронавирусқа қатысты жаңа мәлімет: Нұр-Сұлтанда ауырғандар саны күрт өсті

Қостанай облысы "қызыл" аймаққа енді.

Осылайша матрицаға сәйкес, өңірлер төмендегідей бөлінді:

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан  облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Жаңалықтар
0