НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 3 695 адамда коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Оның ішінде:
- Нұр-Сұлтан қаласында - 914,
- Алматы қаласында - 620,
- Шымкент қаласында – 312,
- Ақмола облысында – 131,
- Ақтөбе облысында - 102,
- Алматы облысында - 114,
- Атырау облысында - 256,
- Шығыс Қазақстан облысында - 71,
- Жамбыл облысында - 51,
- Батыс Қазақстан облысында - 205,
- Қарағанды облысында - 449,
- Қостанай облысында - 81,
- Қызылорда облысында - 54,
- Маңғыстау облысында - 116,
- Павлодар облысында - 137,
- Солтүстік Қазақстан облысында - 28,
- Түркістан облысында - 54.
Пандемия басталғалы республикада коронавирус инфекциясын 454 825 қазақстандық жұқтырды.
Оқи отырыңыз: Шілденің аптап ыстығында вакцина салдыруға бола ма – дәрігер жауабы
Қазақстанда вакциналау науқаны биыл 1 ақпанда басталды. Бүгінде азаматтар отандық QazVac, "Спутник V", Hayat-Vax және CoronaVac вакциналары арасында таңдау жасай алады.