Оқиға

Астана тұрғыны көпірден құлап кеткен қыздарды құтқарып қалды

© Sputnik / Владислав ВодневМост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы
Мост через реку Ишим с правобережья на Левый берег столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Темір жол саласында қызмет атқаратын азамат өзінің балаларымен серуендеп жүрген кезде көпірден екі қыздың  құлап кеткенін көрген

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Елорда тұрғыны Даният Зият өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан, суға кеткен екі жасөспірім қызды құтқарып қалды. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл оқыс жағдай Қазақстан Астана күнін тойлаған өткен мерекелік демалыста болған. Данияр өз қыздарымен және жиенімен бірге Сарайшық даңғылындағы көпірде серуендеп жүрген. Сол кезде екі жасөспірім қыз көпірден өзенге құлап кеткенін көрген.

Ер адам жылдам баспалдақ арқылы өзенге қарай төмен түсіп, киімін шешпестен суға түскен.

"Мен сол сәтте екеуін бірдей қалай құтқарсам болады дегенді ойладым. Сондықтан қыздарды судан алып шығу үшін бар күшімді садым", - деп еске алды Данияр Зият.

Құтқарылған қыздың бірінің анасы 5 шілде енді олардың отбасында ерекше күнге айналатынын және ол үшін Даниярға қарыздар екенін айтты.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ бас директоры Петер Штурм Данияр Зиятқа алғыс хат табыстады. Айта кетсек, Данияр "Жолаушылар тасымалы" АҚ-да техникалық саясат департаментінде бас менеджер болып жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз: Елордада Ақбұлақ арнасын жүзіп өтпекші болған әйел суға батып кете жаздады – видео

Данияр Зият теміржол саласындағы еңбек жолын 2009 жылы "Экспресс" филиалының 1 дәрежедегі техник мамандығынан бастаған. Теміржолшының ұрпағы саналатын ол қазір үш баланың әкесі. Біраз уақыттан бері "Жолаушылар тасымалы" АҚ орталық аппаратында жұмысқа кіріскен. Жолаушылар тасымалы шаруашылығындағы нысандарды жаз және қыс маусымына дайындау, сондай-ақ пойыздың жылжымалы құрамын техникалық жабдықтау мәселелерімен айналысады.

Жаңалықтар
0