Қоғам

Елордада Ақбұлақ арнасын жүзіп өтпекші болған әйел суға батып кете жаздады – видео

© Sputnik / Владислав ВодневВиды Нур-Султана
Виды Нур-Султана - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда әйел Ақбұлақ арнасын жүзіп өтпекші болған. Алайда өзеннің ортасына келгенде күші таусылып, суға батып кете жаздады

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым - Sputnik. Нұр-Сұлтанда полицей өзеннен жүзіп өтпекші болған әйелді құтқарып қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сағат 11:25-те полицияға Ақбұлақ каналында бір адамның суға батып бара жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері өзеннің ортасындағы әйелді көреді.

Лейтенант Айдос Ағабеков бірнеше секундтың ішінде оның қасына жүзіп жетті. Алайда қорқып қалған әйел полиция қызметкеріне жағаға шығуға кедергі келтіреді. Екінші қызметкер құтқару шеңберін лақтырып, екеуіне жағаға шығуға көмектесті.

"Әйелге жүзіп жеткен кезде, ол қорқыныштан денесі сіресіп, кедергі келтірді. Өзім де батпай, оны да аман алып шығуа тырыстым", - дейді полицей.

Әйелге медициналық көмек көрсетілді, енді оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

"35 жастағы әйел каналдан жүзіп өткісі келген, ал өзеннің ортасында оның күші жетпей қалған", - делінген полиция хабарламасында.

Патрульдік көліктердің барлығы көмек көрсету және суға батып бара жатқандарды құтқару үшін қажетті құралдармен жабдықталған, деді полициядағылар.

Жаңалықтар
0