Оқиға

Өзін блогер ретінде таныстырған: Алматыда полицияны бопсалаған ер адам ұсталды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейский предъявляет документы
Полицейский предъявляет документы  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Ол полиция өкілдеріне арандатушылық жасамауға, әлеуметтік желіде видео жарияламауға уәде берген

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде - Sputnik. Алматыда ер адам өзін блогер ретінде таныстырып, полиция қызметкерлерінен ақша бопсалады, деп мәлімдеді қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстам Әбдірахманов.

"1987 жылы туған ер адам патрульдік полиция қызметкерлеріне өзін блогер ретінде көрсетіп, арандатушылық жасамауға және видеожазбаларды желіге орналастырмауға уәде беріп, ақша бопсалаумен айналысқан. Бұл үшін ол 50 мыңнан 200 мың теңгеге дейін ақша сұраған", - деді Әбдірахманов.

Оның айтуынша бұл жүргізілген жедел және арнайы шаралар барысында расталды.

Күдікті қаланың Әуезов ауданында 300 АҚШ долларын алу барысында ұсталды.

Оқи отырыңыз: "9 миллион теңге бопсалаған": Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды

Айғақты заттар алынып, қылмыстық кодекстің 194-бабының екінші бөлігі - "Қорқытып алу" бойынша қозғалған іс материалдарына қоса тіркелді. Осы бап бойынша қарастырылған ең жоғарғы жаза - 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

Күдікті Алматы қалалық полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Жаңалықтар
0