НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір — Sputnik. Сарқанд қаласында ұсталған қылмыстық топтан қару-жарақ арсеналы тәркіленді, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаменті.
© Photo : Департамент полиции Алматинской области Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды
Алматы облысында қару асынған қылмыстық топ құрықталды
© Photo : Департамент полиции Алматинской области
Ресми мәліметке сәйкес, екі ер адам 26-28 жаста болса, үшіншісі 56-ға келген. Олардан екі шолақ мылтық, тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді.
Үшеуі ірі мөлшерде мүлікті бопсалағаны үшін айыпталып отыр.
"Ақпан айында полицияға Талдықорған қаласының 45 жастағы тұрғыны арызданып, 9 миллион теңгені қорқытып алмақшы болған адамдар туралы хабарлады. Тексеріс кезінде ақпарат расталды. Сарқанд қаласында өткізілген арнайы операция кезінде бопсалаушылар ұсталды. Үшеуі де қамауға алынды", - дейді полицейлер.
Қылмыстық кодекстің 194-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Қорқытып алу), сондай-ақ 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Күдіктілер 5-10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Олардың мүлкі де тәркіленеді.