Өңірлер

Сәтбаевта телефон тауып алған жігіттердің басы бәлеге қалды

CC0 / StockSnap / Молодой человек сидит на подоконнике
Молодой человек сидит на подоконнике - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық жасады деген күдікпен 17 және 18 жастағы екі жігітті ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде – Sputnik. Сәтбаев қаласында телефон тауып алып, есеп шотынан ақша аударып алған екі жігіт анықталды, деп хабарлады Polisia.kz.

3 шілдеде 41 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне жүгінді. Ол кәмелетке толмаған қызы бірнеше күн бұрын ұялы телефонын жоғалтып алғанын айтты. Бұл ұялы телефонды біреу тауып алып, банктердің бірінің интернет қосымшасы арқылы жәбірленушінің есепшотынан 20 мың теңге алғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Петропавлда әйел көршісінің шотынан 200 мың теңге ұрлап алған 

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 17 және 18 жастағы екі жігітті ұстады.

Қазақстан Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0