Өңірлер

Петропавлда әйел көршісінің шотынан 200 мың теңге ұрлап алған

© Photo : Pexels//pixabayТелефон
Телефон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Қалалық полиция басқармасы жәбірленушінің көршісін – 35 жастағы күдіктіні ұстады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым – Sputnik. Петропавлда әйел көршісінің есепшотынан 200 мың теңге жымқырып кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала тұрғыны полицияға есепшотынан 200 мың теңгенің жоғалғаны туралы жүгінген.

Петропавл қалалық полиция басқармасы бірінші полиция бөлімінің қызметкері жәбірленушінің көршісін – 35 жастағы күдіктіні ұстады.

Оқи отырыңыз: Жасөспірім анасының шотынан өзіне ақша аударып, компьютер ойынына жұмсаған

Бірде такси шақыру үшін ол әйелден телефонын сұрап алғаны белгілі болды. Ол интернет-банкинг қосымшасын пайдаланып, қаражатты танысының шотына аударып алған.

Кейін есепшоттағы ақшаны қолға түсіріп, алғыс ретінде танысына бес мың теңге қалдырған.

"Әйел телефон экранын ашуға және интернет-банкингке кіру үшін бір кодты пайдаланған. Бұлай жасамауға кеңес береміз, қаскөйлердің әрекетіне тоқсауыл қою үшін әр түрлі құпиясөздерді пайдалану керек. Бұдан бөлек, бөтен адамдарға банк карталарының сыртында жазылған CVV-кодтарды, SMS-хабарламалармен келетін PIN-код пен құпиясөздерді ешкімге айтпауға, жеке құжаттардың фотосуреттерін ешкімге жібермеуге шақырамыз. Бұндай мәліметтер қылмыскерлерге есепшоттарға қол жеткізу мүмкіндігін береді", – деді бірінші полиция бөлімінің бастығы Тілеген Әлжанов.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық кодекстің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша енгізілді.

Күдікті жымқырған қаражатты қайтаруға дайын екендігін жеткізді.

Жаңалықтар
0