Саясат

Тоқаев Ресей президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль на площади у Акорды
Автомобиль на площади у Акорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ апатынан 28 адам қайтыс болды, оның ішінде бір бала бар

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Камчатка өлкесінде Ан-26 ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қаза болуына байланысты қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдады.

"Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын", – делінген президенттің жеделхатында.

Ресми мәліметке сәйкес, жолаушылар ұшағы Петропавловск-Камчатский қаласынан Палана кентіне адам тасымалдаған. Осы жолы тура жерге қонардың алдында байланысқа шықпай қалған.

Оқи отырыңыз: Ресейде жолаушылар ұшағы теңізге құлады – 28 адам қаза тапты

Алдын ала болжам бойынша әуе кемесі теңізге құлаған. Себебі Палана кентіне дейін 9 шақырымдай қалғанда байланыс үзіліп кетті. Бортта экипаждың 6 мүшесі және 22 жолаушы, оның ішінде бір бала болған. Алдын ала дерек бойынша олардың барлығы қайтыс болды.

Ресей Федерациясының тергеу комитеті ұшу қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. Агенттік ұшақтың апатқа ұшырауының үш ықтимал нұсқасын қарастырады: қолайсыз ауа райы, әуе кемесінің техникалық ақаулары және ұшу барысындағы қателік.

Жаңалықтар
0