Иранның Сирджан қаласындағы кеуіп қалған көлдің түбінде әйгілі итальяндық футболшы Лионель Мессидің портреті пайда болды.
Алып кескіндеменің авторы – геодезист әрі суретші Абольфази Садеги.
Портретті салатын орын бес жерден GPS көмегімен белгіленді. Осылайша, "Барселона" ойыншысының шашы мен сақалы бір аймақта, көздері мен аузы екінші, үшіншісінде ойыншының сол құлағы, ал төртіншісінде тордың бөлігі жасалған. Ал ойыншының оң құлағы, шашы мен сақалы бесінші бөлікке салынды.
Оқи отырыңыз: Болашақ Месси: төрт жасар астаналық футбол жаттықтырушысын таңғалдырды - видео
Портрет дайын болғаннан кейін суретші Садеги бұл суретті өзінің әлеуметтік желідегі аккаунтында жариялады. Сондан кейін оны БАҚ байқап, Мессидің ресми аккаунтына орналастырылды.