18:09 15 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.81
  • EUR517.00
  • RUB5.91
Видео

Болашақ Месси: төрт жасар астаналық футбол жаттықтырушысын таңғалдырды - видео

Қысқа сілтеме алу
200 0 0

Имранның жаттықтырушылары оны "кішкентай Месси" деп атайды. Бүлдіршіннің жарты жыл ішінде футбол ойынының элементтерін қалай үйреніп алғанын Елорда инфо тілшісіне футболшының әкесі Ислам Орымбаев айтып берді   

Баланың әкесінің айтуы бойынша, Имран футболға өте ерте жастан бастап қызығушылық танытқан. Ал төрт жасында ол ерекше қабілеттерін көрсетті. Кез-келген жағдайда теңбіл допты ұршықша иіріп әкететін болған. Ислам Орымбаевтың өзі де балалық шағында футбол ойнапты, алайда 9 жастан бастаған.  

Ал Имранның жаттығулары алты ай бұрын, небәрі үш жарым жасқа толған кезде басталды. Оның үстіне Имранның өзі де әкесінен оны жаттықтыруды әрі үйретуді талап етті.

"Таңертең көзін ашқан бойда бірден допқа жүгіреді. Кейін оны үйде жаттықтыра бастадым. Мен оған барлық техниканы үйреттім, бірақ оның өзіндік қабілеті, таланты бар. Қысқа уақыт ішінде бәрін тез үйреніп алды", - дейді баланың әкесі.

Қыстың аяғында "кішкентай Месси" футбол мектебіне бара  бастады. Мектептегі жаттығуларға бірден дағдыланды, тіпті оған ешнәрсе түсіндіріп қажет емес еді", - деді Имранның әкесі.

Оқи отырыңыз: Жапонияда жазғы Олимпиада ойындарының алау эстафетасы басталды – фото

Имран Пеле, Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Криштиану Роналдуды футболдағы пірі санайды. Ол әйгілі футболшылар туралы фильмдерді жиі көреді. Футбол жұлдыздары матчтарының үздік сәттерін қайта-қайта көрсетуді сұрайды.

Жас футболшының қабілетін футбол мектебінің жаттықтырушысы бағалап үлгерген. Әкесінің айтуынша, баланы жаттығуларды шебер орындағаны үшін "Кішкентай Месси" деп атап кеткен.

Кілт сөздер:
Нұр-Сұлтан, футбол, бала
Загрузка...

Басты тақырып