Өңірлер

Бассейнде қыздарға тиіскен: Алматы облысында демалыс аймағында төбелес шықты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуШомылып жүрген адамдар, архивтегі сурет
Шомылып жүрген адамдар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2021
Жазылу
Әйел полицияға арызданып, демалыс аймағында суға шомылып жүрген қызына тиіскен ер адамға қатысты шара қабылдауды сұраған

НҰР-СҰЛТАН, 7 шілде – Sputnik. Алматы облысындағы демалыс базасында ер адам бассейнде шомылып жүрген жасөспірім қыздарға тиісті деген күдікке ілінді.

Демалыс аймағында түсірілген видео taldykorganec.insta паблигінде жарияланды. Жазба авторының айтуынша, ер адам бассейнде қызы мен сіңлісіне тиіскен.

"Оның бұл қылығы сексуалдық сипаттағы ерсі әрекетке ұқсады. Мекеме әкімшілігіне шағымданғанымда, олар маған мұндай жағдай болса, балаларыңыз бассейнде шомылмай-ақ қойсын деп жауап берді. Қызым 17-де, сіңлім 18 жаста. "Бұл қалай сонда? Мен ақша төледім, ал балаларым жағада отыруы керек пе?!" деп сұрадым. Осыдан кейін әкімші күзетшіні шақырып, әлгі адамды табуды сұрады", - деп жазды автор.

Күдіктіні тапқан кезде оның айналасына бір топ адам жиналып қалған. Пост авторының сөзінше, ер адам мас болыпты, сол күні ол кәмелетке толмаған тағы екі қызға тиіскен.

Тағы оқыңыз: Жасөспірімді 8 жастан бастап бөлесі зорлап келген: қыздың анасы күдіктіні қорғап отыр

Демалып жүрген адамдар болған оқиғаны видеоға түсіріп, ер адамды "педофил" деп атады. Алайда ол бәрін жоққа шығарып, былапыт сөздер айтқан. Видеодан оқиғаның соңы төбелеспен аяқталғаны көрінеді.

Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"5 шілде сағат 18:30 шамасында полицияға демалыс аймағында демалған әйелден суға шомылып жүрген 16 жастағы қызына тиіскен ер адамға қатысты шара қабылдау туралы арыз түсті. Қазір күдікті анықталды, ол Ескелді ауданы Қарабұлақ ауданының 34 жастағы тұрғыны", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-тармағы "Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап бойынша бес жылға дейін бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, оның қорытындысы бойынша процессуалды шешім қабылданады.

Жаңалықтар
0