Өңірлер

Қарағанды ​​облысында 23 жастағы жігіттің өртенген денесі табылды

© Sputnik / Анатолий УстиненкоГорящий транспорт, иллюстративное фото
Горящий транспорт, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Сондай-ақ өңір билігі бірнеше ауданды шарпыған дала өрті салдарынан 300 бас малдың өлгенін хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қарағанды ​​облысында Ұлытау ауданының Байқоңыр ауылында өрт салдарынан 23 жастағы қарағандылық көз жұмды. Бұл туралы Instagram-дағы etozhez паблигі облыс әкімі Жеңіс Қасымбектің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЖЕЗКАЗГАН | СОБЫТИЯ | НОВОСТИ (@etozhez)

Өрт Керегетас, Ойшыбар, Қалыбай, Демеубай, Сарысай, Қызылсай, Ермек және тағы басқа ауылдарды шарпыды.  

Қоскөл ауылынан солтүстік-батысқа қарай 40 шақырым жерді тексеру кезінде жанып кеткен УАЗ автокөлігінің ішінен 1998 жылы туған ер адамның денесі табылды. Жас жігіт өрт сөндіру жасақтары еріктілерінің қатарында болмаған және дала өртін сөндіруге тартылмаған. Өлімнің себебін Ұлытау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері анықтап жатыр.

"4 шілдеде Қарағанды ​​облысының аумағында дала өртінің 12 ошағы бақылауға алынды, оның ішінде Ұлытау ауданының аумағында екі дала өрті тіркелді", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Жангелдин ауылдық округі шаруа қожалығының аумағында өртеніп кеткен 200 бас ұсақ мал және 10 бас ірі қара табылды.

Өртті сөндіруге 298 адам мен 77 техника, оның ішінде ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылды.

Оқи отырыңыз: Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланды

Жергілікті атқарушы орган Жангелдин, Ақтасты және Амангелді ауылдық округтерінде жергілікті ауқымда төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Жаңалықтар
0