Өңірлер

Қарағанды облысының үш ауылында төтенше жағдай жарияланды

© Photo : ДЧС Северо-Казахстанской областиДала өрті
Дала өрті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Малы қырылған немесе жайылымы өртеніп кеткен фермерлердің шығынын есептеу үшін арнайы комиссия құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Қарағанды облысы Ұлытау ауданында дала өртіне байланысты төтенше жағдай жарияланды.

"Ұлытау ауданының Жангелді, Ақтас, Амангелді үш ауылдық округінде дала өртіне байланысты төтенше жағдай режимі жарияланды. Қазіргі уақытта ауылдар зардап шеккен жоқ", - делінген облыс әкімдігінің ресми сайтында.

Облыс әкімінің орынбасары Серік Шайдаров Ұлытау ауданына келді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от "Вечерняя Караганда" (@vk_gazeta)

Малы қырылған немесе жайылымы өртенген шаруалардың шығынын есептеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Қарағанды облысының әкімі жағдайды жеке бақылауына алды.

Облыстық ТЖД жедел штабының ақпаратынша, Ұлытау, Қарқаралы, Осакаров, Бұқар жырау, Шет, Нұра аудандары мен Қаражал қаласының аумағында 17 өрт ошағы бақылауға алынды.

Оқиға орнында тәулік бойы 70 бірлік техника, ТЖД-ның 350-ден астам қызметкері мен еріктілер жұмыс істеп жүр.

17 дала өртінің 10-ы сөндірілді.

Жеке құрамды табиғи өрт ошақтарын сөндіру орындарына жедел жеткізу үшін "Қазавиақұтқару" АҚ-ның МИ-8 тікұшағы жіберілді. Сондай-ақ Қарағандыдан 40 адам және үш техника шықты. Жаңаарқа кентінен 10 тонналық автоцистерна жөнелтілді.

Жаңалықтар
0