Экономика

Досаев Тоқаевқа экономика өсімін 3,9% деңгейде жақсарту туралы айтты

© Photo : Pixabay / Nattanan KanchanapratМонеталар
Монеталар - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Ұлттық банк төрағасы президентке қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесін құру жоспары жайлы баяндады

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берілді.

Сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсімін 3,6-3,9 пайыз деңгейде жақсарту және коронавирустың жаңа штамдарының салдарынан ел экономикасын қайта қалпына келтіруге кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер туралы баяндалды.

Президентке биылғы 6 айдағы инфляцияның 7,9%-ке дейін жедел өсуі, ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі және орталық банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды.

Тоқаевқа Қазақстанның валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.

Тағы оқыңыз: 2021 жылы инфляция біз күткеннен жоғары болуы мүмкін – Досаев

Сонымен қатар Досаев халық салымдарының тұрақты түрде долларсызданып келе жатқаны, экономиканың нақты секторын несиелеудің өсуі және қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесін құру жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндады.

Бұған қоса кездесуде депозиттерге кепілдік беру жүйесіне қатысушы банктерді бағалау моделі ұсынылды, цифрлық қаржылық экожүйелерді теңгерімді реттеу жөніндегі тәсілдер туралы айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша президент бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0