03:44 16 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD426.99
  • EUR517.55
  • RUB5.94
Экономика
Қысқа сілтеме алу
3613 0 0

Ұлттық банк төрағасы биыл 7 маусымда базалық ставканы 9% деңгейінде сақтауға шешім қабылданғанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстанда осы жылдың қорытындысы бойынша инфляция бекітілген 4-6%-тік дәлізден 0,5 пайыздық тармаққа жоғары болуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бағаның едәуір күрт жоғарылауы мен электр энергиясы бағасының өсуін, барынша күшті фискалдық ынталандыруды және жоғары инфляциялық болжамдарды ескерсек, 2021 жылдың соңына қарай, біздің соңғы болжамға сәйкес, инфляция нысаналы диапазоннан 0,4-0,5 пайыздық тармаққа жоғары қалыптасуы мүмкін", – деді Досаев үкімет отырысында.

Сондай-ақ ұлттық банк 2022 жылы ішкі проинфляциялық факторлардың әсері мен сыртқы инфляциялық қысымның әлсіреуін күтеді. Нәтижесінде, инфляция бекітілген дәліз 4-6%-ке кіреді деп болжап отыр.

Досаев осы мәселелерді ескеріп, биыл 7 маусымда базалық ставканы 9% деңгейінде сақтауға шешім қабылданғанын еске салды.

Оқи отырыңыз: Сұлтанов картоптың қымбаттауына кінәлілерді атады

Айтуынша, проинфляциялық факторлар тарапынан тәуекелдер болған жағдайда және болжамды бағалаумен салыстырғанда дезинфляция барынша баяу жүрсе, ұлттық банк ақша-кредит шарттарын қатаңдату туралы шешім қабылдайды.

Тақырып бойынша

Досаев бензин неге қымбаттағанын түсіндірді
Қазақстандағы инфляция жоспарланған деңгейден жоғары болуы мүмкін – қаржыгерлер
Досаев алтын-валюта резервтері неге төмендегенін түсіндірді
Алдағы үш жылда Қазақстанда инфляция 4%-ке дейін төмендейді
Қазақстанда жылдық инфляция 7,4%-ке дейін баяулады
Кілт сөздер:
инфляция, Ұлттық банк
Загрузка...

Басты тақырып