Ауғанстанның солтүстік провинцияларында қақтығыс күшейді

© AFP 2024 / WAKIL KOHSARАфганский полицейский дежурит на заставе, установленной против боевиков Талибана в Каджаки
Афганский полицейский дежурит на заставе, установленной против боевиков Талибана в Каджаки - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Ауғанстанның солтсүтігіндегі соғыс әрекеттерінің өршуі Орталық Азия елдеріне қарулы босқындардың лап қоюына алып келуі мүмкін

Тәлібтер қазіргі үкіметпен, қарсыластар және бәсекелестермен бейбіт келісімге келуді көздеп отырған жоқ. Себебі әскери-діни қозғалыс құрылған осы 25 жылдан бері олар қарудың көмегімен ғана дегеніне көндіруге әдеттеніп алған.

Өзбекстан 28 маусымда бір күн бұрын "Талибан" содырларынан бас сауғалап Шортепа уезінің ауданында шекарадан өтіп кеткен 47 ауған шекарашы мен әскери қызметкерін кері қайтарды. Бұл осымен екінші рет қайталанып отыр. Ташкент осы жағдайға қатысты Ауғанстанмен тату көрші қарым-қатынасын сақтау, бейтараптылықты ұстану және көрші елдің ішкі мәселелеріне араласпау туралы өз позициясын мәлімдеді. Ауған әскерилері 23 маусымда алғаш рет өзбек шекарасынан өткен болатын.

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев встретился с президентом Афганистана Мохаммадом Ашрафом Гани - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2021
Саясат
Тоқаев Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті
Ауғанстанның үкіметтік күштерінің 17 адамнан құралған әскери қызметкері 27 маусымда Балх провинциясындағы содырлармен қақтығыстан кейін Тәжікстан аумағына қашуға мәжбүр болды. Ауған әскері 22 маусымда Кундуз провинциясындағы қақтығыстан кейін алғаш рет тәжік жеріне бас сауғалаған болатын. Тәжікстан гуманизм мен көрші татулықты басшылыққа алып, барлық 134 әскеридің елде қалуына рұқсат етті.

Солтүстік провинциялардағы үкіметтік күштің тәлібтермен үздіксіз соғысы, "Талибанның" ел аумағының 80 процентін бақылауда ұстауы туралы мәлімдемесі Орталық Азияда қарулы және қарусыз жаңа босқындардың пайда болуына алып келуі мүмкін.

Тәлібтер жеңіске жетуі ықтимал. Біраз бұрын америкалық барлау қызметі қазіргі ауған үкіметі көп дегенде алты ай содырларға төтеп бере алатыны туралы болжам жасады. Көрші жатқан мемлекеттер халықаралық терроризмге барынша қарсы тұруға дайындық жүргізіп жатыр.

Ауғанстандағы АҚШ және НАТО әскерінің қолбасшысы генерал-лейтенант Остин Скотт Миллер 29 маусымда тәлібтер бүкіл ел аумағында басқыншылық операциялар жүргізіп жатқанын мәлімдеп, үкімет күштерінің бірінен соң бірі өз аумағынан айырылып жатқанына алаңдаушылық танытты. Вашингтон мен Кабул "Талибанның" жеңісіне тосқауыл амалдарын қарастырып жатыр.

Ауғанстан президенті Мұхаммед Ашраф Ғани мен Ұлттық татулық жөніндегі жоғарғы кеңестің басшысы 25 маусымда Вашингтонда АҚШ президенті ДЖО Байденмен келіссөздер жүргізді. Дәл осы уақытта америкалық ұшқышсыз ұшу аппараттары Баглан және Кундуз провинцияларындағы содырлардың орналасқан аумағына соққы жасады.

Осыған қатысты "Талибан"* өкілі Забибулла Муджахид "АҚШ соғысқа қайтадан қадам басып, ауған халқының қасіретін соза берудің орнына өз әскерін ел аумағынан алып кетуге ден қоюы керек" деген пікір білдірді. Тәлібтер 1996 жылы құрылған "жаңа әлемді" қайта құруды көксеп отыр. Ол шариғаттың ең қатал нұсқасы бойынша кез келген қылмыс үшін өлім жазасына кесу немесе аяқ-қолды шабуды, әйелдерді қоғам өмірінен оқшаулауды, телевидение, кино мен театр сынды дүниелерге толық тыйым салуды қарастырады.

АҚШ Ауғанстанға 3,3 миллиард доллар бөлуге уәде етті. Сонымен қатар америкалықтар жергілікті қарулы күш үшін 37 бірлік Black Hawk соққы жасаушы ұшағы мен Super Tucano 2 шабуылдау ұшағын ұсынады.

АҚШ әскері Ауғанстаннан шығарылады - видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.04.2021
Видео
АҚШ әскері Ауғанстан аумағынан шығарылады - видео
Ауғанстанның үкіметтік әскерін даярлауға жұмсалған ондаған миллиард доллар мен Global Firepower әлем рейтингіндегі 75-ші орынға қарамастан, олар тәлібтермен күресуге қауқарсыз болып отыр. Ауғанстанның әскери қызметкерлері шетелге қашуы немесе соғыссыз берілуі жиіледі. Осылайша маусымның ортасында Сари-Пуль провинциясында тәлібтер "келісім бойынша" ауған армиясының базасындағы 300-ге жуық М-16 винтовкасы мен бірнеше тонна оқ-дәріні, 100-ге тарта "Хамви" жол талғамайтын көлігі мен жүк көлігін тартып алды. Осылай жалғаса берсе "Талибан"* бір күні америкалық Black Hawk тікұшағын да өз қолына түсіруі мүмкін.

CNN мәліметі бойынша 24 маусымнан бастап тәлібтер Ауғанстанның солтүстік провинцияларын Өзбекстан, Тәжікстан және басқа да Орталық Азия елдерімен жалғайтын ірі көлік торабы Мазари-Шарифті қоршауға алуды бастаған. Джаузджан провинциясында өткен қақтығыста аты аңызға айналған генерал Абдул Рашид Дустум жараланды.

Ауғанстандағы жағдай өңірдегі көрші мемлекеттердің келешекке қатысты мазасыздық танытуына түрткі болып отыр. Қытай өз азаматтарын Ауғанстаннан кетуге шақырды. Пәкістан шетелдік әскер елден кеткеннен кейін азаматтық соғыс күшейеді деген болжам жасады.

Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Өзбекстан Ислам Эмиратының қайта құрылуын қолдамайтынын, бірақ ауған дағдарысы соғыспен шешілмейтінін айтты. Сондықтан Ауғанстанның Орталық Азияның интеграцияланған бөлігіне айнауы маңызды.

Алайда бұл өте күрделі мәселе. Қазіргі үкімет, тәлібтер және ауған қақтығысының басқа да тараптары мен халықаралық қауымдастық бір мәмілеге келу-келмеуін уақыт көрсетеді. Солтүстік провинциялардағы қиян-кескі қақтығыс толастар емес. Сондықтан 40 жылға созылған азаматтық соғыстан кейін ауған жерінде бейбіт заман тез орнайды деп күтпеген абзал.

Солтүстік провинциялардағы қақтығыстар және Душанбеден 150 километр және Қорған-Төбедегі 201-ші ресейлік әскери базасынан 70 километрдегі Ауғанстан шекарасындағы атыс Орталық Азия мен Мәскеуде мазасыздық тудырып отыр. Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстан президенттері - Эмомали Рахмон, Шавкат Мирзиёев және Қасым-Жомарт Тоқаев шекарадағы жағдайды телефон арқылы талқылады.

Кремль Орталық Азиядағы соғыс әрекеттері Ресей әскеріне де әсер етуі мүмкін деп мазасызданып отыр. Біраз бұрын Қырғызстанның сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев қазіргі қауіпті есепке ала отырып, қырғыз үкіметі Канттағы Ресей авиабазасының кеңеюіне қарсылық танытпайтынын мәлімдеді.

"Талибан"* – Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған террористік ұйым.

Жаңалықтар
0