Қоғам

Бірінші баласынан дәл осылай құтылған: Алматылық жұп ұсталды

CC0 / Myshanah / Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото
Ребенок тянется за соской, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.06.2021
Жазылу
Қазір іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым — Sputnik. Алматылық жұп өз  баласын сатпақшы болды, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Ерлі-зайыптылар Өзбекстаннан келген. Олар сәбиді Жамбыл облысында тұратын әйелге саудалаған. Қазір бұл іс бойынша сотқа дейінгі зерттеу жүріп жатыр.

"Осы жұп 2019 жылы дәл осындай тәсілмен бірінші балаларынан құтылғаны белгілі болды", - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.   

Ол кезде де балаларын бөтен біреуге сатып жіберген. Қазір бала тәрбиеленіп жатқан отбасы анықталды.

Қылмыстық кодекстің 135-бабы бойынша  сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, ел аумағында адам саудасын ауыздықтау, азаматтарды құлдықта ұстауды болдырмау мақсатында ұйымдастырылған жедел-профилактикалық "STOP трафик" шарасы кезінде  осындай 56 қылмыс анықталды.

Оқи отырыңыз: 21 жастағы келіншек құрсағындағы сәбиін сатпақшы болды

2 тұрғынды бостандығынан заңсыз айырып жұмысқа салу және 2 адам саудалау қылмысы тіркелген. Оның екеуі де кәмелетке толмаған жеткіншектер. "Қылмыстың алдын алу шаралары әлі жалғасуда", дейді мамандар.

Жаңалықтар
0