04:38 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
613 0 0

Қазір сәбиін саудалайтындар көбейді. Тіпті ғаламтор арқылы осындай жарнама кездестіруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Елімізде бауыр еті баласын ақшаға сататындар мен бөтен біреуге бере салатындар көбейді. Тіпті, кейбіреуі әлі дүниеге келмеген сәбиді саудалап, әлеуметтік желіні шулатып жүр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Ғаламторға "бала асырап аламын" деп жазсаң болды. Өздері-ақ хабарласады. Ішіндегі баласын 300 мың теңгеге беремін деген келіншектің жасы небәрі 21-де. Айтуынша, ресми некеде болып, кейін ажырасып кеткен. Дәм-тұзы жараспаған жұптың бір қызы бар. Оны емдету үшін құрсағындағы сәбиін сатпақшы болыпты. Бұл бір ғана мысал, ал қоғамда мұндай жағдай жиі кездеседі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда бала туудан қай өңір көш бастап тұр

Шақалақ жарық дүние есігін ашпай жатып, тағдырдың тәлкегіне түссе, жетімдер үйіндегілердің де жағдайы мәз емес. Асырап алынған балалардың да қараусыз қалып, мемлекетке кері қайтарылғандары бар.

Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаевтың айтуына қарағанда ата-ананың баладан бас тартуына бірнеше себеп бар. Бастысы - қаражаттың жетіспеуі, ал кейде екі тараптың тіл табыспауы да түрткі болады.

"Бүгінгі таңда 4254 бала бар. Бірақ, жыл сайын жетімдер үйіне балалар жан-жақтан келіп жатады. Отбасылық тәрбиелеуге беріледі. Осындай жылына 1000 шақты бала. Бір жылы 974 болады, бір жылы 1100 болады. Яғни, орташалап алғанда 1000 шақты бала", - дейді ол.

Мәселені шешудің бір жолы ретінде былтыр Алматыда  бейби бокс ашылды. Бұл көкек аналардың баланы көшеге, қоқыш жәшігіне тастамауы үшін, сәбилердің қауіпсіздігі үшін ұйымдастырылған еді. Бірақ, арнайы орынға осы уақытқа дейін ешкім бала қалдырмаған. Керісінше, безбүйрек ананың жауыздығынан даладағы ит-құсқа жем болғандар көп.

Тақырып бойынша

25 жасында көпбалалы ана атанды: Маңғыстауда төртем дүниеге келді
"Күйеуім басқа адам болып шықты": Салафизмге кірген әйел небір сұмдықты бастан кешкен
Шымкентте 41 жастағы әйел оныншы рет сәбилі болды
Елордада сайлау күні қанша сәби дүниеге келді
Сарапшы ана капиталы жайлы: 42 мыңды әрең берген үкіметтің мұны қабылдауы екіталай
Кілт сөздер:
жүкті әйел, бала сату, бала туу, бала
Загрузка...

Басты тақырып