Қоғам

Смартфонды толық қуаттау неге қауіпті – сарапшы жауабы

© Public DomainСмартфон
Смартфон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Мамандардың смартфонды қуатын тауысып, оны қайта толық қуаттау туралы кеңесін сарапшы маркетингтік әдіс деп түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Смартфонды толық қуаттау және қуаты таусылғанша қолдану оның аккумуляторының қызмет ету мерзімін қысқартады. Бұл туралы РИА Новостиге ұлттық технология бастамасының EnergyNet инфрақұрылым орталығындағы жобалық бағыт жетекшісі Борис Бокарев айтты.

"Смратфонды 100%-ке дейін қуаттау және оның қуатының толық таусылуы аккумулятор батареясын жылдам істен шығарады. Техника өндірушілердің смартфонның қуатын тауысып, оны қайтадан 100%-ке дейін толық қуаттау туралы кеңесі – маркетингтік әдіс", - деді Бокарев.

Аккумулятордың қызмет ету мерзімі қуаттау кезеңіне байланысты. Сарапшының айтуынша, бір қуаттау кезеңі – батарея сыйымдылығының 90-100%-ке дейінгі қуатталуы. Смартфондар негізінен 300-500 қуаттау кезеңіне арналған. Одан кейін аккумулятордың күйі біртіндеп нашарлай береді.

Бокарев телефонды түнгі уақытта екі немесе үш фазалы электр энергиясының есептеуішімен қуаттаған тиімді екенін айтты. Сарапшы түсіндіргендей, смартфонды түні бойы қуаттаудан қорқудың қажеті жоқ. Себебі телефон толық қуат жинаған кезде, ол тоқ жіберуді өз бетінше тоқтатады.

Сонымен қатар Counterpoint зерттеу фирмасы 2021 жылдың ең танымал смартфондарын атады. Үздік үштікке iPhone 12, iPhone 12 Max және iPhone 12 Pro кірді.

Оқи отырыңыз: Сарапшы қымбат телефонды арзанға сатып алудың жолын айтты

Смартфонның бұл үш моделі бірігіп әлем нарығындағы 12 процентті иеленген. Бесінші орында Xiaomi Redmi 9A бюджеттік нұсқасына 2 процент тиесілі. Сонымен қатар бұл тізімде Samsung маркасының арзан телефондары да бар. Олар смартфондардың жаһандық нарығындағы 4 процент көрсеткішке ие.

Жаңалықтар
0