Денсаулық

Қарақұмықты кімге жеуге болмайды – дәрігер кеңес берді

© Photo : СС0 / Margo LipaГречка
Гречка - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Қарақұмық жармасын кім жеуге болмайды, сонымен қатар оны қалай дұрыс пісіру керектігі жөнінде диетолог кеңес берді  

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Эндокринолог және диетолог Татьяна Бочарова РИА Новостиге қарақұмық жеу кім үшін қауіпті екенін айтты.

"Қарақұмық ботқасы - бұл емдеу мәзірі құрамына кіретін гипоаллергенді өнім. Бұл ауруларды кешенді емдеу және алдын-алу үшін жасалынатын диеталық жүйелер. Ол асқазан-ішек жолдары үшін де пайдалы. Қарақұмықты адамдардың басым көпшілігі пайдалана алады. Қарақұмықты мөлшерден көп пайдаланған кезде ғана кері әсері болуы мүмкін. Ол іштің кебуі мен газ түзілуіне әкелуі мүмкін", - дейді Татьяна Бочарова.  

Егер сізде ішек проблемалары болса, қарақұмықты майлы тамақпен пайдаланбаңыз. Жартылай фабрикаттар, майлы балықтармен бірге жеген жағдайда, асқазанда ауырлық сезімі пайда болуы мүмкін, дейді дәрігер.

Оқи отырыңыз: Дәрігер кімге таңқурай жеуге болмайтынын айтты

Диетолог сонымен қатар қарақұмықты дұрыс пісіру бойынша кеңес берді. Оны тек қайнаған суға бұқтырып емес, жақсылап тұрып қайнатып пісіру қажет. Осы кезде ол ағазаға жақсы сіңеді.

Жаңалықтар
0