Денсаулық

Дәрігер кімге таңқурай жеуге болмайтынын айтты

CC0 / U. Leone / Малина
Малина - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Таңқурайды басқа жидекке, мысалы құлпынайға аллергиясы бар адамдарға көп мөлшерде тұтынуға болмайды

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Ресейлік диетолог Ольга Кораблева кімге таңқурай жеуге болмайтынын айтты. Сондай-ақ салмақ тастағысы келетіндерге бұл жидекті жеуге бола ма деген сауалға жауап берді.

"Ересек адамға денсаулығына зиян келтірмей күніне 400 грамға дейін жидек жеуге болады. Алайда асқазан-ішек жолдарының ауруы асқынған кезде – гастрит, асқазан жарасы немесе бүйрекке қатысты ауру туындаған жағдайда таңқурайдан бас тартқан дұрыс. Бұл жидек несеп айдағыш болғандықтан шамадан тыс жүктеме артуы мүмкін", - деді Ольга Кораблева РИА Новостиге.

Сүзбені қандай өнімдермен араластырып жеуге болмайды – дәрігер кеңесі

Маман таңқурайдың күшті аллерген екенін айтты. Оны басқа жидекке, мысалы құлпынайға аллергиясы бар адамдарға көп мөлшерде тұтынуға болмайды.

Диетологтың айтуынша, таңқурай тәбетті ашады. Егер күнделікті қолданыста тағамның калориясын азайтқыңыз келсе, мәзірден жидекті алып тастаған жөн. Оның орнына таңқурайды йогурт немесе жұмсақ сүзбемен қосып жеуге болады.

Жаңалықтар
0