Саясат

Бердімұхамедов Тоқаевты Түрікменстанға шақырды

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2021
Жазылу
Мемлекет басшылары достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген екіжақты ықпалдастықтың ауқымды мәселелерін талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшылары достыққа, тату көршілікке және стратегиялық серіктестікке негізделген қазақ-түрікмен қатынастарының мызғымас сипатын нақтылап, екіжақты ықпалдастықтың ауқымды мәселелерін талқылады.

"Гурбангулы Бердімұхамедов жан-жақты ынтымақтастыққа тың серпін беру мақсатымен Қасым-Жомарт Тоқаевты биыл Түрікменстанға ресми сапармен келуге шақырды. Аталған сапар аясында бірқатар маңызды келісімдерге қол қойылмақ", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы шақыруды қабыл алды және биыл күзде Ашхабадта өтетін VI Каспий саммитіне қатысуға дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар тараптар өңірлік ықпалдастықты жандандыруға, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты алдағы ұжымдық шаралар жайында пікір алмасты.

Оқи отырыңыз: Түрікменстаннан жүздеген қандас пойызбен көшіп келді: оларды музыкамен қарсы алды

Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының кезекті консультативтік кездесуін Түрікменстанда өткізу жөніндегі Гурбангулы Бердімұхамедовтің ұсынысын қолдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанды өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. 

Жаңалықтар
0