Өңірлер

Түрікменстаннан жүздеген қандас пойызбен көшіп келді: оларды музыкамен қарсы алды

© YouTube / LADAKZ РезервПоезд с сотнями кандасов прибыл из Туркменистана
Поезд с сотнями кандасов прибыл из Туркменистана - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.05.2021
Жазылу
Маңғыстауға Түрікменстаннан келген этникалық қазақтарды салтанатты түрде қарсы алу шарасы ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр – Sputnik. Маңғыстау облысына 256 этникалық қазақ келді. Олардың барлығы елге келгеніне өте қуанышты екенін атап өтті, қандастар атамекеніне оралуға рұқсат беретін құжатты бір жыл бойы күткен.

Қандастарды гүлмен, шармен, музыкамен және бимен салтанатты түрде қарсы алу шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлады "Тумба.kz" порталы.

Бұған дейін Түрікменстаннан отанына қоныс аударғысы келетін жүзден астам отбасы коронавирус пандемиясының кесірінен шекарадан өте алмады. Көбісі үйін сатып, Түрікменстаннан тіркеуден шығып қойған. Осыған байланысты олар қиын жағдайға тап болды.  

Отанына оралған этникалық қазақтар Қазақстанға келгеніне қатты қуанғандарын жасырмады.

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы қандастарға берілген үйлерде "мал да тұрмайтынын" айтты

Айта кетейік, 1 мамырдағы мәлімет бойынша 5 685 этникалық қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алды, бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Жыл басынан бері Қазақстанға көшкен қандастардың жартысынан көбі (76,9%) Өзбекстаннан, 10,7% - Қытайдан, 5,4% - Түрікменстаннан, 2,9% - Моңғолиядан және 4% - басқа елдерден келген.   

Жаңалықтар
0