Әлем

Сауд Арабиясының билігі ханзаданы өлім жазасына кесті

© AP Photo / Nariman El-MoftyСаудовская Аравия
Саудовская Аравия - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Әскери сот Сауд ханзадасын мемлекетке опасыздық жасады деп таныды. Ел билігі оның үкіметке қарсы төңкерісті ұйымдастыруға қатысы бар екенін мәлімдеген

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Корольдің немере інісі Фахд бин Турки бин-Абд әл-Азиз мемлекетке опасыздық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ханзада өлім жазасына кесілді.

Әскери сот Йемендегі Сауд Арабиясы күштерінің экс-қолбасшысы мемлекетке опасыздық жасағанын анықтаған. Билік Фахдтың үкіметке қарсы төңкерісті ұйымдастыруға қатысы бар екенін мәлімдеді, деп хабарлады Lenta.ru.

Оқи отырыңыз: Пәкістанның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілді 

Сарапшылар корольдің немере інісінің қамауға алынуына Сауд Арабиясының тақ мұрагері және қорғаныс министрі Мұхаммед бен Салманның қатысы бар екенін атап өтті. Ол осылайша қамауға алынған ханзаданың отбасын мемлекет қазынасын толтыруға мәжбүрлегісі келеді: сарапшылардың пікірінше, елдегі экономикалық жағдай нашарлап барады.

Фахд 2020 жылы қыркүйекте ұлымен бірге тұтқындалды.

Бұл Сауд Арабиясының корольдік отбасындағы алғашқы жанжал емес. Мұрагер ханзада Мұхаммедтің 2017 жылы тікұшақ апатынан көз жұмған ханзада Мансур бен Мукриннің өліміне қатысы бар екені айтылып жүр. Оның көзін тақ мұрагеріне жұмыс істейтін "Тигр" (Tiger Squad) арнайы жасағы жойды деген де болжам бар.

Жаңалықтар
0