Әлем

Пәкістанның бұрынғы президенті өлім жазасына кесілді

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуПервез Мушарраф
Первез Мушарраф - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жеті жыл Пәкістан президенті болған Мушаррафқа 2007 жылы мемлекетке опасыздық жасады деген айып тағылды

НҰР-СҰЛТАН, 17 желтоқсан – Sputnik. Пәкістанның бұрынғы президенті Первез Мушарраф өлім жазасына кесілді, де хабарлайды РИА Новости.

Арнайы сот алқасы осындай шешім шығарды: үш адамның екеуі өлім жазасына кесуді қолдап дауыс берген.

Тергеушілердің мәліметі бойынша, 2001-ден 2008 жылға дейін Пәкістан президенті болған Мушарраф 2007 жылы мемлекетке опасыздық жасады. Ол төтенше жағдай жариялап, Жоғарғы соттың мүшелерін тұтқындауды бұйырған.

Тағы оқыңыз: 11 жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты

Мушаррафтың үстінен қылмыстық іс 2013 жылы үкіметтің араласуымен қозғалды.

2016 жылдың наурызында Жоғарғы сот экс-президентті елден шығуға тыйым салынғандардың тізімінен алып тастады. Осы жағдайды пайдаланған 72 жастағы Мушарраф Біріккен Араб Әмірліктеріне емделуге кетеді. Содан бері ол Дубайда жасырынып жүр.

Жаңалықтар
0