НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Орал қаласында автобустың ішінде басталған жанжалдың арты төбелеске ұласты. Полицияның өзі бұзақыларды бірден тоқтата алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ресми мәліметке сәйкес, кеше 27 маусым күні 23 және 38 жастағы екі ер адам автобустың ішінде сөзге келіп қалды. Одан кейін аялдамада түсіп, төбелесіп қалған. Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы тарап кетті. Полицияның үш адамды ұстап жатқанын анық байқауға болады. Ал бұзақылар қарсылық көрсеткен.
"Ер адамдар бір-бірін танымайды. Автобустың ішінде жанжал шыққан. Арты төбелеске ұласып кетті. Абай аудандық полиция бөліміне бес адам жеткізілді. Екеуі мас болған. Оларды уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына орналастырды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде төбелес шығарғандарды ұсақ бұзақылық бойынша жауапқа тарту мәселесі қаралып жатыр.
Оқи отырыңыз: Ақтауда жаппай төбелес болды – видео
Осы бапқа сәйкес, 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.