Өңірлер

Ақтауда жаппай төбелес болды – видео

© Sputnik / Владимир Воронин / Медиабанкке өтуАрхивное фото драки
Архивное фото драки - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Қалалық полиция басқармасына 3 жас жігіт жеткізілді. Екеуі кәмелет жасқа толмаған

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ақтау қаласында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, жаппай төбелес 22 маусымда "Достар" жағажайында болған. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция баталоны аттанды.

Оқи отырыңыз: Тараздағы әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды 

"Ақтау қалалық полиция басқармасына 3 жас жігіт жеткізілді. Екеуі кәмелет жасқа толмаған болып шықты. Оларды ювеналды полицияға тапсырды. Тәртіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - дейді полицейлер.

Қазіргі кезде төбелеске қатысқан басқа да адамдар анықталып жатыр.

Жаңалықтар
0