Саясат

Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко ынтымақтастық мәселелерін талқылады

© Photo : Пресс-служба Совета Федерации РФ / Медиабанкке өтуВалентина Матвиенко
Валентина Матвиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Палата спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде даму жолына түскенін,  мемлекет басшысы Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин елімізге ресми сапармен келген Ресей Федерациясы кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко бастаған делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.

Мәжіліс төрағасы атап өткендей, Ресей Қазақстанның стратегиялық әріптесі, сенімді досы және тату көршісі. Қос мемлекетті тамырын тереңге тартқан көп ғасырлық тарихи ортақ тамырластық біріктіреді.

Сондай-ақ, палата спикері қос мемлекет арасындағы қарым-қатынас Қазақстанның Тұңғыш президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің өзара сындарлы келісімдерінің арқасында жоғары деңгейде даму жолына түскенін,  бүгінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеумен стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға зор көңіл бөлетінін атап өтті.

Кездесу барысында Нұрлан Нығматулин мәртебелі мейманға  еліміздегі заң шығару қызметінің жаңалықтары туралы, саяси, әлеуметтік, экономикалық реформалар және оларды заңдық деңгейде қаматамасыз ету барысындағы жетістіктер жайында баяндап берді.

Өз кезегінде Ресей Федерациясы кеңесінің төрағасы пандемияға қатысты шектеулерден кейінгі алғашқы сапарын арнайы Қазақстанннан бастап отырғанын атап өтті. Валентина Матвиенко еліміздің 30 жылдық мерейтойын сөз ете келіп, тарихи өлшеммен алғанда аз ғана уақыттың ішінде, біздің мемлекеттің  экономикасы дамыған, әлемдік беделі жоғары, заманауи демократиялық елге айналғанын баса айтты.  

Оқи отырыңыз: Ресей федерация кеңесінің басшысы Қазақстанға келді

Сонымен қатар екі ел арасындағы өзара тиімді іс-әрекетке, өзара құрметке негізделген берік ынтымақтастық халықтарымыздың игілігі жолында алдағы уақытта қарқынды дами беретініне тоқталды. 

Кездесу иелері парламентаралық, соның ішінде, ТМД парламентаралық ассамблеясы, ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт парламенттік ассамблеялары, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, парламентаралық одақ аясында ықпалдастықты тереңдету жөнінде әңгімеледі.  

Нұрлан Нығматулин мен Валентина Матвиенко парламентаралық диалог Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға серпін беретініне назар аударды.

Жаңалықтар
0