Саясат

Ресей федерация кеңесінің басшысы Қазақстанға келді

© Photo : пресс-служба Совета Федерации РФВалентина Матвиенко
Валентина Матвиенко - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
27-28 маусым аралығында Ресейдің парламент делегациясы қазақстандық әріптестерімен бірқатар кездесу өткізеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Ресей Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко Қазақстанға келді. Бұл ресейлік сенаторлардың коронавирус пандемиясы басталғаннан кейінгі шетелге алғашқы ресми сапары.

Федерация кеңесінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар барысында Қазақстан басшылығымен және елдің парламент депутаттарымен кездесу өтеді. Атап айтқанда, сенат спикері Мәулен Әшімбаевпен және мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинмен келіссөздер жүргізіледі. Сондай-ақ, Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу жоспарланған.  

Валентина Матвиенко салалық комитеттер мүшелерінің қатысуымен федерация кеңесі мен Қазақстан сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысына қатысады.

"Бұл пандемия басталғаннан кейін ресейлік сенаторлардың шетелге жасаған алғашқы ресми сапары. Біз оны Қазақстанға жасағанымызға өте қуаныштымын. Жеке кездесулер екіжақты күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселені және халықаралық жағдайды егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік береді", - деді Ресей парламенті жоғарғы палатасының басшысы.

Сапар барысында Валентина Матвиенко сонымен қатар "Астана" халықаралық қаржы орталығына барады, Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар ескерткішіне гүл шоқтарын қояды.

Ресейлік делегацияның құрамында федерация кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Яцкин, федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев, федерация кеңесінің қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Виктор Бондарев, федерация кеңесінің халықаралық істер комитетінің төрағасы Григорий Карасин, федерация кеңесі федералдық құрылым, аймақтық саясат, жергілікті өзін-өзі басқару және солтүстік істері комитеті төрағасының бірінші орынбасары Андрей Шевченко, федерация кеңесі конституциялық заңнама және мемлекеттік құрылыс комитетінің мүшесі Олег Цепкин бар.

Жаңалықтар
0