Экономика

Қазақстан Беларуське мұнай жеткізеді

© Sputnik / POOL / Медиабанкке өтуПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин и премьер-министр Беларуси Роман Головченко
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин и премьер-министр Беларуси Роман Головченко - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
Нұр-Сұлтанда Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлері үкіметаралық келісімге қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым — Sputnik. Қазақстан Беларуське мұнай жеткізеді, деп хабарлады беларусьтік БАҚ өз еліндегі министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл жөнінде екі ел премьер-министрлері Асқар Мамин мен Роман Головченко Нұр-Сұлтандағы ресми кездесу барысында келісімге келді.

Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Саясат
Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті
Жеткізілетін мұнай көлемі мен мерзімі алдағы уақытта талқыланады.

"Бүгінде біз өзара саудада оң үдеріс бар екенін, Қазақстаннан Беларуське жеткізілген өнім көлемі артқанын көріп отырмыз. Экспортты ұлғайтуды жалғастырып жатырмыз. Осы жылы жаңа тауарлар мен қызметтер бойынша 1 миллиард доллар көрсеткішіне қол жеткізуіміз керек", - деді Беларусь сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Александр Гурьянов.

Ол Қазақстан Беларусьтің дәстүрлі стратегиялық серіктесі екенін атап өтті.

"Беларуське мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды. Алдыңғы жылдары Қазақстандағы беларусь экспорты басым болатын. Бұл мемлекеттік индустриялды тұрғыда дамып келеді. Сондықтан біз қазақстандық тауарлардың біздің нарықтағы саудасының жаңа мүмкіндіктерін байқап отырмыз", - деді дипломат.

Беларусь билігі алдағы уақытта Қазақстан Беларусьтің басты сауда-экономикалық серіктестерінің бестігіне кіреді деген үміт білдірді.

Жаңалықтар
0