Саясат

Тоқаев пен Лукашенко телефон арқылы сөйлесті

© Sputnik / Владислав ВодневПрезиденты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев
Президенты Беларуси и Казахстана Александр Лукашенко и Касым-Жомарт Токаев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
Мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Беларусь тарапының бастамасы бойынша президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

"Әңгімелесу барысында мемлекет басшылары Қазақстан мен Беларусь арасындағы көпжақты ынтымақтастықтың, стратегиялық серіктестік пен одақтастықтың қазіргі жағдайын және оны нығайтудың перспективаларын талқылады", - делінген хабарламада.

Тараптар өзара сауда-саттық көлемін арттыруға, машина жасау, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мән бере отырып,  сауда-экономикалық ықпалдастық пен өндірістік кооперацияны жан-жақты жандандыруға ерекше назар аударды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев пен Рахмон өңірлік тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесін талқылады

Бұдан бөлек президенттер өңірдегі эпидемиологиялық ахуал,  сондай-ақ, екі ел халқын жаппай вакциналау үшін қабылданып жатқан шаралар жайында пікір алмасты. Осы ретте Мемлекет басшылары COVID-19 пандемиясының теріс салдарын еңсеру жөніндегі үйлесімді іс-қимылдарды жалғастыруға ниетті екенін нақтылады.

Жаңалықтар
0