ПАВЛОДАР, 27 маусым – Sputnik. Павлодарда түнгі жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды, тағы үшеуі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
27 маусымда сағат 02.55-те Павлодар қаласындағы Астана және Исиналиев көшелерінің қиылысында Toyota Windom мен Лада Гранта" соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Лада Гранта" көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы сол жерде қаза болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, қаза болғандар – елордалық 36 жастағы әйел мен Павлодар облысында тұрған 31 жастағы ер адам.
Оқи отырыңыз: Алматы облысында жүргізуші таңданарлық жағдайда аман қалды – видео
Жарақат алған 23 жастағы екі әйел және 25 жастағы ер адам Павлодардың №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Барлығы – Павлодар тұрғыны. Әйелдердің бірі комада жатыр.
Полицияның мәліметінше, көліктер айып тұрағына қойылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл бап кінәлі адамды бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.