Өңірлер

Алматы облысында жүргізуші таңданарлық жағдайда аман қалды – видео

© Photo : Pixabay / Michael Schwarzenberger Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото
Разбитое стекло автомобиля, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Жылқы иесі малына ие болмағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында "Ауди-100" көлігі жылқыны қағып өлтірді. Жүргізуші таңданарлық жағдайда аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАНЕЦ (@taldykorganec.insta)

Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жылқының шетелдік көліктің төбесінде жатқанын, ал оның басы алдыңғы әйнекті тесіп өткенін көруге болады.  

Белгілі болғандай, жол апаты 22 маусым күні таңертең Кеген ауданының Саты ауылында болған. Соқтығысу кезінде жануар өлген. Шетелдік көліктің 43 жастағы жүргізушісі аман қалды.

Полиция 37 жастағы мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.  

Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды – видео 

Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары ауыл жолында үлкен жылдамдықпен жүруге болмайтындықтан, жол апатына жүргізуші кінәлі деп санайды.  

"Жылқының кенет жолға шауып шығатынын бәрі біледі. Сондықтан жүргізушілер жол жиегінде жылқы көрсе, жылдамдықты төмендетіп, ақырын өтеді", - деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.

Жаңалықтар
0