Өңірлер

Ермахан Ибраимов үндеу жасады

© Photo : kfb.kz/Данияр МайлыбаевЕрмахан Ибрагимов
Ермахан Ибрагимов - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.06.2021
Жазылу
Боксшы алдағы уақытта алты үлкен дене шынықтыру және қоғамдық спорт кешені тұрғындарға есігін айқара ашатынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым – Sputnik. Боксшы, олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов алматылықтарды спортпен шұғылдануға шақырды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, қалада алдағы уақытта 6 үлкен дене шынықтыру және қоғамдық спорт кешені бой көтеріп, тұрғындарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік жасалады.

Оқи отырыңыз: Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды 

Ермахан Ибраимов жақында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдағанын еске салып өтті.

"Кездесу барысында Алматыны жан-жақты дамыту жайы сөз болды. Қала әкімі 5000-ға жуық бала тегін спорт үйірмелеріне баруға мүмкіндік алатынын айтты. Алдағы уақытта алты үлкен дене шынықтыру және қоғамдық спорт кешені бой көтереді. Осы кешендердің бәрі қала тұрғындарына есігін айқара ашады. Спортпен шұғылданыңыздар", – деді ол.

Айта кетейік, Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Бақытжан Сағынтаев денсаулық сақтау жүйесі мен білім беруді дамыту және модернизациялау туралы баяндаған болатын. Соның ішінде тегін үйірмелер де бар. Биыл 4,2 мыңнан астам бала мен жасөспірімді тегін үйірмелермен қамту жоспарланып отыр. Жан басына шаққанда қаржыландыру аясында 4,5 мың адам спорт секцияларына тегін қатыса алады.

Жаңалықтар
0