Спорт

Ермахан Ибраимов жаңа қызметке тағайындалды

© Sputnik / Айгюзель КадирБоксер Ермахан Ибраимов
Боксер Ермахан Ибраимов  - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2021
Жазылу
2019 жылы ұйымда реформа жүргізілуіне байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан жасақталып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар кеңесінің дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандықты ұйымның басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындады.  

Қазақстан бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыс өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді, Сидней олимпиадасының чемпионы, Олимпиадаға даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлердің мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды, деп хабарлады Қазақстан бокс федерациясы.  

Ермахан Ибраимовтың үстінен полицияға арыз түсті: боксшы не істейтінін айтты

AIBA президенті Умар Кремлёв жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға хат жолдады. AIBA басшысы өзінің жолдауында олардың білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына үлес қосатынына сенім білдіріп, бірлесіп жұмыс істеуге ниетті екенін атап өтті.

Азия бокс конфедерациясы да қазақстандық мамандарды қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Бұл – 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA-ның басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014-2017 жылдар аралығында комиссияларда алты отандасымыз жұмыс істеді. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссия таратылып, қазір жаңадан жасақталып жатыр.  

Жаңалықтар
0