Денсаулық

Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

© Sputnik / Владислав Воднев Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане
 Модульная инфекционная больница, построенная в условиях ЧП в связи с пандемией коронавируса в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2021
Жазылу
23 мыңға жуық адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 16 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда

НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым – Sputnik.  Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты. Өткен тәулікте 14 қазақстандық коронавирустан, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.

26 маусымдағы мәлімет бойынша 22 878 адам коронавирус инфекциясынан (21 576 КВИ+ және 1 302 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 6 806 пациент стационарда, 16 072 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Оқи отырыңыз: Вирусолог: үнді штаммынан қорғану үшін антиденелер бес есе көп болу керек

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

  • 420 адамның жағдайы ауыр,
  • 106 пациенттің жағдайы өте ауыр,
  • 67 науқас науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Қазақстанда өткен тәулікте 1 730 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды. 

Жаңалықтар
0