Әлем

Ресей тең дәрежеде саяси-дипломатиялық әдістерді қолдануға дайын – Путин

© Sputnik / Vladimir Sergeev / Медиабанкке өтуМногоцелевые истребители МиГ-29 и штурмовики Су-25 во время военного парада в ознаменование 70-летия Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов
Многоцелевые истребители МиГ-29 и штурмовики Су-25 во время военного парада в ознаменование 70-летия Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945 годов - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Біз ортақ континенттегі өңірлік қақтығыстарды басуға, бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал етуді одан әрі жалғастыра береміз

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Саяси еріктілік пен ымыраға дайын болу оң нәтиже беретініне сенімдіміз. Бұл жөнінде Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин тоғызыншы халықаралық қауіпсіздік жөніндегі Мәскеу конференциясында мәлімдеді.

"Ресей ажырамас тарихи, мәдени және адамгершілік байланыс біріктіріп тұрған көршілес мемлекеттердің қауіпсіздігі мен өркендеуіне жауапкершілікті ешқашан ұмытқан емес. Біз ортақ континенттегі өңірлік қақтығыстарды басуға, бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал етуді одан әрі жалғастыра береміз", - деді ол.

Путин бүгінде Ресей белсенді түрде араласып жатқан өңірлік қақтығыстарды реттеу мәселесі жаһандық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды аспектісі екенін айтты.

Сонымен қатар РФ көшбасшысы Ресей жаһандық және өңірлік мәселелерді шешу кезінде тең дәрежеде саяси-дипломатиялық әдістерді қолдануға әркез дайын екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: ҰОС басталуының 80 жылдығына орай Путиннің мақаласы жарық көрді

"Біраз бұрын Ресей қауіпсіздіктің жаңа теңдеуін әзірлеу туралы ұсыныс жасады. Ол стратегиялық тұрақтылыққа ықпал ететін барлық факторды қамтуы керек. Саяси еріктілік пен ымыраға дайын болу оң нәтиже беретініне сенімдіміз", - деді РФ президенті.

Сондай-ақ Путин халықаралық терроризм әлемге әлі де қауіп төндіріп тұрғанын атап өтті.

Жаңалықтар
0