Құрамына әлемнің танымал фотографтары мен фотосарапшылары кірген қазылар жеңімпаздарды анықтау үшін жетпіс елден келіп түскен төрт жарым мыңнан астам жұмысты қарап шықты.
Шорт-параққа қатысушылардың қатарында Қытай, Ұлыбритания, Германия, Испания, Греция, Египет, Үндістан, Түркия және басқа да елдің өкілдері бар. Айта кету керек, осы жылы шорт-параққа Индонезия, Мексика және Канаданың жас фотографтары тұңғыш рет енді.
2021 жылғы конкурс лауреаттарының жұмыстары өткен жылы ақпарат кеңістігінде көп қаралған оқиғалардың тізбегін қалыптастырып тұр. Олардың қатарында Миннеаполистегі мамырдағы наразылықтар, Африка мен Азияда шегіртке қаптауымен байланысты экологиялық апат, ғаламшардағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған коронавирус пандемиясы бар.
Оқи отырыңыз: Ғарыштағы медуза және дирижер үйрек: фотобайқау жеңімпаздары - фото
Стенин атындағы Гран-приді кім алатыны және басқа жүлделі орындар кімге бұйыратыны қыркүйекте белгілі болады.
Көктемнің алғашқы айында Андрей Стенин конкурсы жеңімпаздарды stenincontest.ru | stenincontest.com сайтында жариялайды.
Андрей Стенин атындағы халықаралық фотожурналистика конкурсы жас фотографтарға қолдау көрсетуді және заманауи фотожурналистика алдындағы міндеттерге қоғам назарын аударуды мақсат тұтады.














