18:48 22 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD427.23
  • EUR508.19
  • RUB5.85
"Пейзаж" номинациясында Приморск өлкесінен қатысқан Юрий Смитюктің "Сиқырлы тұман" суреті жеңімпаз атанды. Владивосток аймағында тұман жиі түседі және бұл осы өңірдің өзіндік бір ерекшелігі саналады.

Бұл таңғажайып сәтті адам баласы ешқашан көрмеуі мүмкін еді. Алайда фотографтар көптің көзіне іліне бермейтін әсерлі мезеттерді суретке түсіріп үлгерді

"Ең әдемі ел" фотобайқауына бүкіл әлем бойынша кәсіби және әуесқой фотографтар қатысты. Орыс географиялық қауымдастығы ұйымдастырған бұл байқау осымен жетінші рет өтіп отыр. Алғаш рет 2015 жылы өткен еді.

Күні кеше қазылар алқасы байқау жеңімпаздарының есімдерін атады. Ересектер арасындағы 10 және балалар арасындағы 4 номинация бойынша Ресей, Украина, Италия, Германия, Қытай және тағы басқа ондаған елден 9 мыңға жуық автор қатысты.

"Ең әдемі ел" фотобайқауының ережесіне сәйкес, оған әлемнен кез келген фотограф қатыса алады. Бірақ сурет тек Ресей аумағында түсірілуі керек.

Байқауға 65 мыңнан астам сурет жіберілді, олардың ішінде үздіктері таңдалды. Сонымен қатар қазылар алқасы арнайы үш жүлденің иесін анықтаса, онлайн дауыс беру арқылы тағы бір жеңімпазды көрермендер таңдады.

Қазылар алқасының құрамына жабайы табиғатты бейнелейтін италиялық мінсіз фотограф Марко Урос мен француз кинематографисі, танымал деректі фильмдердің операторы Филипп Рос кірді.

Жануарлар мен жабайы табиғаттың таңғажайып әрі әсерлі суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

Загрузка...

Басты тақырып