Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.02.2022
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Ғарыштағы медуза және дирижер үйрек: фотобайқау жеңімпаздары - фото

Жазылу
Бұл таңғажайып сәтті адам баласы ешқашан көрмеуі мүмкін еді. Алайда фотографтар көптің көзіне іліне бермейтін әсерлі мезеттерді суретке түсіріп үлгерді

"Ең әдемі ел" фотобайқауына бүкіл әлем бойынша кәсіби және әуесқой фотографтар қатысты. Орыс географиялық қауымдастығы ұйымдастырған бұл байқау осымен жетінші рет өтіп отыр. Алғаш рет 2015 жылы өткен еді.

Күні кеше қазылар алқасы байқау жеңімпаздарының есімдерін атады. Ересектер арасындағы 10 және балалар арасындағы 4 номинация бойынша Ресей, Украина, Италия, Германия, Қытай және тағы басқа ондаған елден 9 мыңға жуық автор қатысты.

"Ең әдемі ел" фотобайқауының ережесіне сәйкес, оған әлемнен кез келген фотограф қатыса алады. Бірақ сурет тек Ресей аумағында түсірілуі керек.

Байқауға 65 мыңнан астам сурет жіберілді, олардың ішінде үздіктері таңдалды. Сонымен қатар қазылар алқасы арнайы үш жүлденің иесін анықтаса, онлайн дауыс беру арқылы тағы бір жеңімпазды көрермендер таңдады.

Қазылар алқасының құрамына жабайы табиғатты бейнелейтін италиялық мінсіз фотограф Марко Урос мен француз кинематографисі, танымал деректі фильмдердің операторы Филипп Рос кірді.

Жануарлар мен жабайы табиғаттың таңғажайып әрі әсерлі суреттерін Sputnik материалынан тамашалаңыз.

© Photo : Yuri Smityuk / RGS / The Most Beautiful Country"Пейзаж" номинациясында Приморск өлкесінен қатысқан Юрий Смитюктің "Сиқырлы тұман" суреті жеңімпаз атанды. Владивосток аймағында тұман жиі түседі және бұл осы өңірдің өзіндік бір ерекшелігі саналады.
Снимок Волшебный пейзаж фотографа Юрия Смитюка, победивший в номинации Пейзаж фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
1/14
"Пейзаж" номинациясында Приморск өлкесінен қатысқан Юрий Смитюктің "Сиқырлы тұман" суреті жеңімпаз атанды. Владивосток аймағында тұман жиі түседі және бұл осы өңірдің өзіндік бір ерекшелігі саналады.
© Photo : Ivan Naumenko / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Иван Науменконың суреті "Жабайы жануарлар" номинациясында жеңді. Суретте қиыршығыстық Bombina orientalis (Boulenger, 1890) атты құрбақа бейнеленген. Ол су бетінде қалқып жатқанды ұнататын қосмекенді. Құрбақаның бұл түрін ормандағы шағын көлдерде жиі кездестіруге болады.
Снимок Невесомость фотографа Ивана Науменко, победивший в номинации Дикие животные фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
2/14
Фотограф Иван Науменконың суреті "Жабайы жануарлар" номинациясында жеңді. Суретте қиыршығыстық Bombina orientalis (Boulenger, 1890) атты құрбақа бейнеленген. Ол су бетінде қалқып жатқанды ұнататын қосмекенді. Құрбақаның бұл түрін ормандағы шағын көлдерде жиі кездестіруге болады.
© Photo : Alexey Tsiler / RGS / The Most Beautiful CountryBehind The Ballet фотожобасы жеңімпаздарының бірі Алексей Цилердің суреті. Автордың айтуынша, бұл сурет сахна сыртындағы көрініске арналған. Сурет авторы "сахнада бір бүтін болып көрінетін балериналар сахна сыртында әрқайсысы өз тірлігімен айналысып отырғанын көру қызықты" деген пікір білдірді.
Один из снимков фотопроекта Behind The Ballet фотографа Алексея Цилера, победившего в номинации Фотопроект фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
3/14
Behind The Ballet фотожобасы жеңімпаздарының бірі Алексей Цилердің суреті. Автордың айтуынша, бұл сурет сахна сыртындағы көрініске арналған. Сурет авторы "сахнада бір бүтін болып көрінетін балериналар сахна сыртында әрқайсысы өз тірлігімен айналысып отырғанын көру қызықты" деген пікір білдірді.
© Photo : Denis Degtyarev / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Денис Дегтяревтің "Ғарыш" атты суреті "Су сиқыры" номинациясында жүлделі болды. Суреттегі "Аурелия" медузасы Ақ теңіздің бетінде түсірілген.
Снимок Космос фотографа Дениса Дегтярева, победивший в номинации Магия воды фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
4/14
Фотограф Денис Дегтяревтің "Ғарыш" атты суреті "Су сиқыры" номинациясында жүлделі болды. Суреттегі "Аурелия" медузасы Ақ теңіздің бетінде түсірілген.
© Photo : Olga Barkanova / RGS / The Most Beautiful CountryТынық мұхит ашуланды... Фотограф Ольга Барканованың суреті "Балалар көзімен қараған кездегі пейзаж" номинациясында жеңді.
Снимок Тройной накат фотографа Ольги Баркановой, победивший в номинации Пейзаж (глазами детей) фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
5/14
Тынық мұхит ашуланды... Фотограф Ольга Барканованың суреті "Балалар көзімен қараған кездегі пейзаж" номинациясында жеңді.
© Photo : Yaroslava Merkulova / RGS / The Most Beautiful CountryҚар үстінде кетіп бара жатқан еліктер құлақ түріп артта не болып жатқанын тыңдап тұр. Фотограф Ярослава Меркулованың "Түрулі құлақ" атты суреті "Жануарлар әлемі" номинациясы бойынша бас жүлдені алды.
Снимок Ушки на макушке фотографа Ярославы Меркуловой, победивший в номинации Мир животных (глазами детей) фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
6/14
Қар үстінде кетіп бара жатқан еліктер құлақ түріп артта не болып жатқанын тыңдап тұр. Фотограф Ярослава Меркулованың "Түрулі құлақ" атты суреті "Жануарлар әлемі" номинациясы бойынша бас жүлдені алды.
© Photo : Vladimir Melnik / RGS / The Most Beautiful CountryВладимир Мельник түсірген "Эйра бұғазында" атты сурет "Тірі архив" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Зерттеушілер ұрпағының сабақтастығы байқалады: Белл аралының суреті Эйра бұғазында Alter Ego экспедициялық яхтасы көрініп тұрған Мейбл аралында түсірілген, ал 1880 жылы түсірілген архивтік суретте осы жерге атауы берілген Eira баркентинасы көзге түседі. Дәл сол орын, дәл сол көрініс, бірақ екі суреттің арасында бір жарым ғасыр жатыр...
Снимок В проливе Эйры фотографа Владимира Мельника, победивший в номинации Живой архив фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
7/14
Владимир Мельник түсірген "Эйра бұғазында" атты сурет "Тірі архив" номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Зерттеушілер ұрпағының сабақтастығы байқалады: Белл аралының суреті Эйра бұғазында Alter Ego экспедициялық яхтасы көрініп тұрған Мейбл аралында түсірілген, ал 1880 жылы түсірілген архивтік суретте осы жерге атауы берілген Eira баркентинасы көзге түседі. Дәл сол орын, дәл сол көрініс, бірақ екі суреттің арасында бір жарым ғасыр жатыр...
© Photo : Alexander Derzhavin / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Александр Державиннің "Хернямяки тауындағы Рускеальск жедел пойызының көрінісі" атты суреті "Смартфонға түсірілген кадр" номинациясында жеңіп шықты. Державин осы кадрды түсіріп алу үшін екі күнге Карелияға барып, пойыздың жүру уақытын біліп, алдын ала қамданып отырған.
Снимок Вид на Рускеальский экспресс с горы Хернямяки фотографа Александра Державина, победивший в номинации Снято на смартфон фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
8/14
Фотограф Александр Державиннің "Хернямяки тауындағы Рускеальск жедел пойызының көрінісі" атты суреті "Смартфонға түсірілген кадр" номинациясында жеңіп шықты. Державин осы кадрды түсіріп алу үшін екі күнге Карелияға барып, пойыздың жүру уақытын біліп, алдын ала қамданып отырған.
© Photo : Daria Polomoshnova/ RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Дарья Поломошнованың "Кітап қызықты болса, майнкрафт қажет емес!" "Адамдар әлемі" номинациясында жеңді. Оның айтуынша, қазір адамдар компьютер мен смартфон секілді гаджетке көп көңіл бөліп, уақытты пайдалы өткізу әдістерін ұмытып бара жатыр. "Бір күні қатты дауыл болғанда, барлық жарық сөніп, электр құрылғылары өшіп қалды. Сонда інім сөреден энциклопедияны алып, телефоннан шамды жақты да, кітапты қызыға оқуға кірісті", - дейді автор.
Снимок С интересной книгой и майнкрафт не нужен! фотографа Дарьи Поломошновой, победивший в номинации Мир людей (глазами детей) фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
9/14
Фотограф Дарья Поломошнованың "Кітап қызықты болса, майнкрафт қажет емес!" "Адамдар әлемі" номинациясында жеңді. Оның айтуынша, қазір адамдар компьютер мен смартфон секілді гаджетке көп көңіл бөліп, уақытты пайдалы өткізу әдістерін ұмытып бара жатыр. "Бір күні қатты дауыл болғанда, барлық жарық сөніп, электр құрылғылары өшіп қалды. Сонда інім сөреден энциклопедияны алып, телефоннан шамды жақты да, кітапты қызыға оқуға кірісті", - дейді автор.
© Photo : Evgeny Mazurin / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Евгений Мазуриннің "Дирижер" атты суреті "Сүйкімді жануарлар" атты номинацияда жеңді. "Ақпанның аязды таңында ел арасында "Аққулы" деп аталатын Светлое көлінің бетін тұман жапты. Қыста мұз боп қатпайтын бұл көлде аққулар қыстап шығады. Оларға үйректермен бірге суатты бөлісуге тура келеді", - деп сипаттады өз суретін Мазурин.
Снимок Дирижёр фотографа Евгения Мазурина, победивший в номинации Эти забавные животные фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
10/14
Фотограф Евгений Мазуриннің "Дирижер" атты суреті "Сүйкімді жануарлар" атты номинацияда жеңді. "Ақпанның аязды таңында ел арасында "Аққулы" деп аталатын Светлое көлінің бетін тұман жапты. Қыста мұз боп қатпайтын бұл көлде аққулар қыстап шығады. Оларға үйректермен бірге суатты бөлісуге тура келеді", - деп сипаттады өз суретін Мазурин.
© Photo : Svetlana Ivanenko / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Светлана Иваненконың "Су астындағы би" атты суреті "Жабайы табиғат өнері" номинациясында жеңді. Бұл суретте аталық инеліктер ұрғашы инелік алдында өздерінің ұшу және жүзу қабілетін көрсетіп жатыр.
Снимок Танцы над водой фотографа Светланы Иваненко, победивший в «Искусство дикой природы (арт-фото)» фотоконкурса РГО Самая красивая страна  - Sputnik Қазақстан
11/14
Фотограф Светлана Иваненконың "Су астындағы би" атты суреті "Жабайы табиғат өнері" номинациясында жеңді. Бұл суретте аталық инеліктер ұрғашы инелік алдында өздерінің ұшу және жүзу қабілетін көрсетіп жатыр.
© Photo : Valery Gorbunov / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Валерий Горбуновтың "Тамбов қаласындағы Қазан шіркеуі" атты суреті "Құс ұшатын биіктіктен қарағандағы Ресей" номинациясында жеңді. Бұл сурет мамырдың тұманды таңында түсірілген.
Снимок Казанский монастырь г. Тамбова фотографа Валерия Горбунова, победивший в номинации Россия с высоты птичьего полета фотоконкурса РГО Самая красивая страна  - Sputnik Қазақстан
12/14
Фотограф Валерий Горбуновтың "Тамбов қаласындағы Қазан шіркеуі" атты суреті "Құс ұшатын биіктіктен қарағандағы Ресей" номинациясында жеңді. Бұл сурет мамырдың тұманды таңында түсірілген.
© Photo : Yulia Belyakova / RGS / The Most Beautiful CountryФотограф Юлия Белякованың "Қанатты әткеншектер" суреті "Алуан түрлі Ресей" номинациясында жүлделі болды. Суретте: әжесі мен шөбересі.
Снимок Крылатые качели фотографа Юлии Беляковой, победивший в номинации  Многоликая Россия фотоконкурса РГО Самая красивая страна  - Sputnik Қазақстан
13/14
Фотограф Юлия Белякованың "Қанатты әткеншектер" суреті "Алуан түрлі Ресей" номинациясында жүлделі болды. Суретте: әжесі мен шөбересі.
© Photo : Philip Kharchenko / RGS / The Most Beautiful Country"Көк шөптің үстінде екі ұлуға кез болдым. Олар бір мәселені қызу талқылап жатқандай көрінді", - дейді "Ұлулар әңгімесі" суретінің авторы фотограф Филипп Харченко. Бұл сурет "Балалар көзімен қарағандағы макроәлем" номинациясында жеңді.
Снимок Улитки болтушки фотографа Филиппа Харченко, победивший в номинации Макромир (глазами детей) фотоконкурса РГО Самая красивая страна - Sputnik Қазақстан
14/14
"Көк шөптің үстінде екі ұлуға кез болдым. Олар бір мәселені қызу талқылап жатқандай көрінді", - дейді "Ұлулар әңгімесі" суретінің авторы фотограф Филипп Харченко. Бұл сурет "Балалар көзімен қарағандағы макроәлем" номинациясында жеңді.
Жаңалықтар
0