Қоғам

Тұрғымбаев мектептердің қауіпсіздігі туралы: кемшіліктер бар

© Photo : Пресс-служба министерства внутренних дел КазахстанаМинистр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев
Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Мектептердің 30%-інде дабыл жүйесі жоқ, турникеттер мен металл іздегіштер тек 5 процентінде, күзет ұйымдары 6 процентінде ғана бар, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ішкі істер министрлігі Ерлан Тұрғымбаев жыл соңына дейін мектептердің қауіпсіздігіне қатысты кемшіліктер жойылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, ІІМ білім министрлігімен бірлесіп 7,5 мыңнан аса мектепті тексеріп шыққан. Олардың 100 пайызы бейнебақылау камераларымен қамтылғанымен, 45%-і ғана техникалық стандарттарға сай келеді.

"Басқа да кемшіліктер бар. Мектептердің 30%-інде дабыл жүйесі жоқ, турникеттер мен металл іздегіштер тек 5%-інде ғана, күзет ұйымдары 6%-інде ғана бар", - деді Тұрғымбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Ол қазір ІІМ білім министрлігі, әкімдіктермен бірлесіп тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын атап өтті.

"Қазір қаржы бөлінеді. Жыл соңына дейін осы кемшіліктердің бәрін жоямыз деп ойлаймын", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Аймағамбетов Қазандағы қанды оқиғадан кейін басшыларға шұғыл тапсырма берді 

Еске салсақ, 11 мамырда Татарстанның Қазан қаласында мектепте қайғылы оқиға болды. Таңертең 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназияда оқ жаудырды. Мектепте 700 адам болған. Жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 20 адам ауруханаға жатқызылды.

Татарстан басшысы 12 мамырды аза тұту күні деп жариялады.

Жаңалықтар
0