Қоғам

"СК-Фармация" ісі: Біртанов сотта өкініш білдірді

© Sputnik / Абзал Калиев Министр здравоохранения Елжан Биртанов
 Министр здравоохранения Елжан Биртанов - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.06.2021
Жазылу
Елжан Біртанов сотта Берік Шәріпті қорғап, оны форс-мажор жағдайында шешім қабылдауға мәжбүр болған білікті маман ретінде сипаттады. Сондай-ақ ол пандемия кезінде пайда тапқысы келген фармацевтикалық компаниялар барған "қорқынышты" қадамдар жайлы астарлап айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым — Sputnik. "СК-Фармация" бұрынғы төрағасы Берік Шәріп өткен жылдың  көктемінде коронавирус пандемиясы өршіп тұрған шақта бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановпен өзінің қылмыстық қудалауға ұшырауы мүмкіндігі туралы күдігімен бөліскен. Бұл туралы Біртанов елордадағы Есіл сотында куәгер ретінде берген жауабында мәлімдеді.

Экс-министрдің айтуынша, Қазақстандағы фармацевтикалық нарық аса күрделі және кейде тым қауіпті. Бәсекелестік жағдайында кейбір компаниялардың "қорқынышты қадамдарға баруы және қатаңдық танытуы" жиі кездеседі. Бұл күресте денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктері мен "СК-Фармация" зардап шегеді. Себебі тендерде жеңіліс тапқан бизнесмендер конкурс кезінде заң бұзушылық болды деп шағымданады.

Біртанов Шәріптен мемлекеттік сатып алулар процесін ашық әрі заң аясында ұйымдастыруды талап еткен.

"Берік Шәріпұлы – сауатты кәсіби басқарушы. Ол күрделі жағдайға тап болды. Ол кейде бұл қызметтен кеткісі келетін. Ол кезде мен "Сонда мұнымен кім айналысады?" дейтінмін. Менің ойымша ол қызметін жақсы атқарды. Мен коронавирус кезінде онымен және басқа да азаматтармен өзіміздің аса жауапты шешімдер қабылдап жатқанымызбен құжат жүзіндегі рұқсаттар бар шаруаны тежеп тұрғаны жайлы сөйлестім. Мен "Жігіттер, шешім қабылдау керекпіз, президент осы жайлы айтып жатыр" дейтінмін. Сонда Берік "Кейін тергеудің астында қалуымыз мүмкін" деп айтты. Ал мен мұндай болмайды деп сендірдім. Өкінішке қарай менің айтқаным келмеді. Осыған қатысты өкініш білдіремін", - деді Біртанов сотта.

Экс-министр сыбайлас жемқорлық, пара алу немесе пара беруге Шәріпке ешқашан ешқандай шағым түспегенін атап өтті. 2018-2019 жылдары жүргізілген тексеру кезінде бірде-бір заң бұзушылық анықталмаған.

Біраз бұрын бұрынғы денсаулық сақтау министрі қорғаныс костюмдерін Қазақстанға жеткізудің мерзімі кешіктірілуіне "СК-Фармация" мекемесінің экс-басшысы кінәлі емес екенін айтты. Себебі Қазақстан қорғаныш құралдарын жеткізу туралы келісімшарт жасаған Қытайдың экспорт саясатында өзгерістер енгізілуімен байланысты өткен жылы көктемде форс-мажорлық жағдай туындаған.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың тапсырмасы: "СК-Фармацияның" экс-басшысына қатысты тергеу аяқталды

Еске салсақ, Берік Шәріпке қатысты іс қылмыстық кодекстің 361-бабының 4-бөлімінің 3-тармағы "Лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланудың ауыр салдарға алып келуі", сондай-ақ 287-баптың 2-бөлімі "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" бойынша қаралып жатыр.

Жаңалықтар
0