Қоғам

Жамбыл облысындағы шекарада отыз фура екі аптадан бері тұрып қалды

© Photo : пресс-служба правительства КРФуры на границе Казахстана и Кыргызстана
Фуры на границе Казахстана и Кыргызстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Ауыр көлік жүргізушілері шекарадағы тауарларды тексеру қызметінде мамандардың жетіспеушілігі салдарынан қолайсыздыққа тап болды 

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Жамбыл облысындағы  шекарада отыз фура екі аптадан бері тоқтап тұр. Себебі көліктерге тиелген тауарды салық саласының қызметкерлері тексере алмай жатыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қазақстан арқылы Қырғызстаннан Ресейге жүк алып бара жатқан жүргізушілердің айтуынша, олардың құжаттарын алып қойып, автотұрақта күтуді тапсырған. Ал мұнда көлікті тұраққа қою құны тәулігіне 4 мың теңгені құрайды. Бірақ дұрыстап тамақтанып, жуынып-шайынуға еш қолайлы жағдай жасалмаған.

Жақында ғана мұндай оқыс жағдай болған: тамақ дайындау үшін қолданылған газ баллонынан өрт шыққан. Бірақ оны дер кезінде өшіре алған.

"Қазір бізді осы жерде ұстап отыр. Қазақстанның Ресеймен шекарасына жетсек, ол жақта да мемлекеттік кірістер департаменті уақытша сақтау қоймасына тағы тығады. Олар тауардың сәйкессіздігін тапқылары келеді. Қаптарды жыртып, олардың үстін аяқтарымен басып жүреді, тауарды бүлдіріп жатыр", - деп шағымданды жүргізуші Виктор Рыжов.

Ал Меркі ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті өздерінің құжатта көрсетілген және тиелген тауардың арасындағы сәйкессіздікті іздеп жатқанын айтты. Тауар иелері тарапынан мұндай заң бұзушылық анықталса, оларға 7 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі айыппұл салынады.

Оқи отырыңыз: Көлік жүргізушілерге қатысты жаңалық: министрлік өзгерісті енгізу тәртібін түсіндірді

"Біздің барлығы заң аясында екеніне көз жеткізгенше 30 күнге дейін мерзімде тауарлардың сәйкестігін тексеруге құқығымыз бар", - деді салықшылар.

Әйтсе де екі аптаға созылған бұл тексеру әрбір жүргізуші үшін 100 мыңға жуық теңге шығын келтіріп отыр.

Ешқандай қолайлы жағдай жасалмаған автотұрақ қызметін тегін етуге уәде бергенімен, тексеру процесін жылдамдату мүмкін емес екенін айтты. Себебі тексерумен айналысатын небәрі үш қызметкер бар.

Жаңалықтар
0