Өңірлер

Ордабасыда былапыт сөздер айтқан директордың орынбасарына қатысты шешім қабылданды

© Sputnik / Абзал КалиевУголовное дело
Уголовное дело - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.06.2021
Жазылу
Шудың ортасында қалған Ұлжан Елмұратова кезекті еңбек демалысынан жұмысқа түскен күннен бастап атқарып жүрген қызметінен босатылады

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Түркістан облысының Ордабасы ауданына қарасты мектептердің бірінде директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын әйелдің ер адаммен төбелесіп, бейәдеп сөздер айтқан видеосы тараған болатын. Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, білім сапасын қамтамасыз ету департаменті мектепке барып, жағдаймен танысты, деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Департамент Орталық Азия университетіне видеодағы Ұлжан Елмұратованың дипломын растау туралы, Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне еңбек өтілі бойынша сұраныстар жолдады. Себебі ол былтыр наурызда мектепте шаруашылық меңгерушісі болған, бірнеше айдан кейін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

Тексеріске сәйкес, орта білім беру ұйымы басшысының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына қойылатын біліктілік талаптары бойынша заң бұзушылықтар анықталды.

Ұлжан Елмұратова бұл қызметті мектеп директорының өзі ұсынғанын айтты. Жаңа қызметке кіріскеннен кейін шайпұл ретінде мектеп директорына 200 мың теңге бергенін де жасырмады.

"Заң бұзушылыққа жол берген лауазымды тұлғаларға заң шеңберінде тиісті шара қабылдау туралы Ордабасы ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысына және  Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасына қарасты білім беру ұйымдары басшыларына хат жолданды", - деп хабарлады облыстық білім басқармасы.

Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті өткізген тексеріс нәтижесінде мектеп директоры Өмірзақ Ақбөпе қызметінен босатылды. Ал шудың ортасында қалған Ұлжан Елмұратова кезекті еңбек демалысынан жұмысқа түскен күннен бастап атқарып жүрген қызметінен босатылатыны туралы шешім қабылданды.

Кейінірек Ұлжан Елмұратова жүргізушіге не үшін былапыт сөздер айтқанын түсіндірді.

  

Жаңалықтар
0