Өңірлер

Мектеп директоры боқтап сөйлейтін мұғалімді орынбасары етуге мәжбүр болғанын мәлімдеді

© REUTERS / CARL RECINEУченический стол в школьном классе
Ученический стол в школьном классе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Өмірзақ Ақбөпе аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан қызметкерін бұл қызметке өз еркімен алмағанын мәлімдеді. Жоғарыдан тапсырма болды деп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Түркістан облысындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының бейәдеп қылығы әлеуметтік желіде тарады. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан әйел адамның әрекеті, елдің жағасын ұстатты, деп хабарлады "Астана" телеарнасы.

Тілшілер Ордабасы ауданындағы Айтбай Шерімқұлов атындағы жалпы орта мектепке барып, жағдайды анықтауға тырысты. Әлеуметтік желіні шулатқан видеоның кейіпкері – Ордабасы ауданы Бадам ауылының тұрғыны.  

34 жастағы келіншек Айтбай Шерімқұлов атындағы орта мектептегі лауазымды қызметке тағайындалғанына көп бола қоймапты. Шаруашылық меңгерушісі, үш айдай бастауыш сыныптарға дене-шынықтырудан үйірмеде жетекшілік еткен. Былтырғы қарашадан бастап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болыпты. Бірақ аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан қызметкерін директор бұл қызметке өз еркіммен тағайындамадым деп ақталды. Жоғарыдан тапсырма болды деп отыр.

"Жоғарыдан болғанда әкімнің орынбасары тапсырма берді. Алдына шақырып алды. Одан кейін ол тіпті білім бөліміне тапсырма берді. Мен алуға мәжбүр болдым. Директордың орынбасары етіп алдым. Аты Ұлжан Елмұратова. Осы қызметке былтыр 11 қарашада қабылданған. Содан бері істеп жатыр", - дейді А.Шерімқұлов атындағы мектептің директоры Өмірзақ Ақбөпе.

Директордың дерегінше, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары отбасылы, төрт баланың анасы. Мектепке келгенше бірнеше балабақшада меңгеруші болған. Айтпақшы, бейнежазбадағы азаматшаның ер адамға не себепті былапыт сөзді қарша боратқаны белгісіз. Желіні шулатқан жанның өзімен тілдесудің сәті түспеді. Ол қазір кезекті еңбек демалысында. Бірақ мына шудан соң мектеп басшысы да оны таппай жүр. Бүгіндікке үйіне бірнеше рет барып қайттым дейді. Естуінше, ауруханаға жатып қалған көрінеді. Сол себепті аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы, арнайы ұсыныс хатты пошта арқылы жеткізіпті. 

Сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалімнің мәселесі: мектеп директоры күтпеген мәлімдеме жасады

"17 маусым сағат 16:00-ге дейін өндірістік қажеттілікке байланысты жұмысқа түсуіңізді сұранамыз деп ұсыныс хат жазамыз. Егер ол кісі біздің хабарламамызды алып, келмесе, онда мектептің тәртіптік кеңесі қарайды. Кешегі Фейсбуктегі жағдайға байланысты жұмыстан шығаруға мүмкіндіктері бар", - деп түсіндірді Ордабасы аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Шұға Нұрабаева.

Айта кетейік, аталған мектепте, 800-дей бала оқиды. Жүзден астам мұғалім бар. Мектеп басшысы желіні шулатқан қызметкерінің бұл алғашқы шуы емес деп отыр. Тіпті зейнетке шығуға аз қалғанда абырой әпермегенін айтып, бармағын тістеуде.  

"Бұрын да талай рет ескерттім. Оның үстіне тәрбие ісі жөніндегі орынбасар екенін есіне салып отырдым", - дейді  Өмірзақ Ақбөпе.

Бұл шудың немен аяқталары әзір белгісіз. Белгілісі тәрбие ісі орынбасарының әдепсіз қылығы қоғам арасында қызу талқыланып жатыр.  

Жаңалықтар
0