Қоғам

Жыл басынан бері бюджетті тиімсіз жұмсағаны үшін 11 лауазымды тұлға жазаланды

© Sputnik / Владислав ВодневЗаседание правительства
Заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова бюджет ақшасын тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігін күшейту жұмысын жалғастыру қажет екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, бюджет қаржысын пайдалануда бірқатар мәселе бар. Барлық мемлекеттік аудит органдары анықтаған тиімсіз жұмсалған қаржы мөлшері шамамен 570 миллиард теңгені құрады.

"Әр теңге тиімді жұмсалуы керектігін ескерсек, бұған жол беруге болмайды. Сондықтан біз былтыр бастаған мемлекеттік ресурстарды тиімсіз пайдаланғаны үшін лауазымды адамдардың жауаптылығын күшейту жөніндегі жұмысты жалғастыру өте маңызды деп санаймыз", - деді Годунова сенат отырысында 2020 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы үкіметтің есебі бойынша баяндама жасап.

Ол Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске тек екі дефиниция енгізілгенін атап өтті. Тағы үш дефиницияны жаңа норманың жұмыс жасау нәтижелері бойынша қарау туралы шешім қабылданды.

Оқи отырыңыз: Есеп комитетінің жаңа мүшелері тағайындалды

"2021 жылдың басынан бері 11 лауазымды тұлға жазаланды. Норманы оңды-солды қолдану фактілері кездескен жоқ. Заңбұзушылықтың алдын алуға, болдырмауға септігін тигізуде. Бірақ әзірге тек өте тар шеңберде қолданылуда", - деді комитет төрағасы.

Жаңалықтар
0