Қоғам

Есеп комитетінің жаңа мүшелері тағайындалды

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.06.2021
Жазылу
Үміткердің екеуі де есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Мәжіліс депутаттары бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшелігіне ұсынылған екі үміткердің кандидатурасын мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Үміткердің екеуі де есеп комитетінің аппаратында жұмыс істеген. Олар – Рүстем Нұрпейісов пен Юлия Энгель.

Оқи отырыңыз: Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

Мәжілістің қаржы және бюджет комитетінің олардың кандидатурасын құптады. Жалпы отырысқа қатысқан депутаттар да екеуін республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі ретінде тағайындау туралы қаулыны бірауыздан мақұлдады.

Комитеттің жаңа мүшелері

Рүстем Нұрпейісов 1971 жылы туған. Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін және Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Мемлекеттік аудит және қаржы саласында халықаралық куәліктер алған.

Еңбек жолын 1988 жылы Көкшетау облысының Авангард совхозында комсорг болып бастады. 1994 жылға дейін совхоз директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары болды.

1994-2002 жылдары Көкшетау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында әртүрлі қызметтер атқарды. 2002-2017 жылдары – есеп комитетінде мемлекеттік бақылаушы-консультант, бөлім меңгерушісі. 2017 жылдан бастап ауыл шаруашылығы министрлігінің ішкі аудит департаментінің директоры болып тағайындалды. Ал келесі жылы есеп комитетіне қайта ауысты. 2018 жылдан бастап осы уақытқа дейін комитет аппаратында мемлекеттік аудитор қызметін атқарды.

Юлия Энгель де есеп комитетінде біраз жыл жұмыс істеп келеді.

39 жастағы маман Қазақстан гуманитарлық заң университетінде білім алған. Мәскеу қаласында қазіргі заманғы гуманитарлық академияда оқыған. Еңбек жолын 2000 жылы заңгер-консультант болып бастады.

2005-2008 жылдары әділет министрлігінің заңнама институтында кіші ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, заң жобалау бөлімінің меңгерушісі, сондай-ақ, есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының заңгер-консультанты және бас маманы болып жұмыс істеді.

2009-2016 жылдары – есеп комитетінің заң бөлімі мен құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, әкімішілік қаржы бөлімі мен заң бөлімінің меңгерушісі.

2016-2017 жылдары – жоспарлау және талдау бөлімінің меңгерушісі;

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін есеп комитеті аппаратының жоспарлау, талдау және есептілік бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Жаңалықтар
0