Саясат

Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Мейрам Пішембаев қазіргі уақытта Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы қызметін атқарады

АЛМАТЫ, 15 маусым – Sputnik. Мейрам Пішембаев Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлады Қазақстан машина жасаушылар одағы.

"Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан машина жасаушылар одағының басқарма төрағасы Мейрам Пішембаев ҚР президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды", - делінген ақпаратта.

Мейрам Пішембаев кім

Пішембаев Мейрам Құдайбергенұлы 1959 жылы 29 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының академигі дәрежесіне ие.

© Photo : Официальный сайт Национальной палаты предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»Мейрам Пішембаев
Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі тағайындалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Мейрам Пішембаев

2004 жылдың наурызынан бастап қазірге дейін Қазақстан машина жасаушылар одағы басқармасының төрағасы.

2013 жылдан бастап "Атамекен" ҰКП президиумы жанындағы машина жасау және металл өңдеу комитетінің төрағасы.

2007-2021 жылдары ҚР парламенті мәжілісінің IV, V, VI шақырылымының депутаты болды.

"Достық", "Құрмет", "Парасат" ордендерімен, "Құрметті машина жасаушы" төсбелгісімен марапатталған.

Жаңалықтар
0