Қоғам

Қазақстанның теміржол вокзалдарында жақын арада не өзгереді

© Sputnik / Владислав Воднев"Нұрлы жол" вокзалы, архивтегі сурет
Нұрлы жол вокзалы, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Енді пойыз жолаушылары теміржол вокзалына Ashyq арқылы кіргізіледі. Он сегіз жасқа дейінгі балалардың статусы тексерілмейді

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстан өңірлерінде теміржол вокзалдарында Ashyq жобасы енгізіледі.

"ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің ақпаратынша, 17 маусымда елордадағы "Нұрлы жол" вокзалы Ashyq жүйесіне қосылады.

Алматы-1, Алматы-2, Қарағанды және Өскемен вокзалдарында жоба 21 маусымынан бастап іске қосылады.

Ал 1 шілдеден Ashyq жобасы Ақтөбе, Атырау, Бейнеу, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Орал, Павлодар, Семей, Тараз, Түркістан, Шымкент және Шу теміржол вокзалдарында енгізіледі.

"Ashyq арқылы кіру жүйесі "Нұрлы жол" вокзалының барлық кіреберісінде жұмыс істейді. Ара қашықтықты сақтау үшін вокзал қызметкерлері жолаушылар ағынын кіреберістерге бөледі. Жолаушы кірген кезде QR-кодты Ashyq мобильді қосымшасы арқылы немесе Kaspi.kz, Homebank, Aity қосымшалары арқылы сканерлеу қажет. Жолаушыда қосымша немесе смартфон болмаған жағдайда, ол есіктегі қызметкерге ЖСН-ін көрсетеді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Көрші елдерде індет қайта өршуде: Мамин тапсырма берді

Шетелдіктердің статусы төлқұжат нөмірі бойынша тексеріледі.

ҚТЖ 18 жасқа дейінгі балалар тексерістен өтпейтінін атап өтті.

Билетті қалай қайтаруға болады

"Қызыл" және "сары" статус шыққан жолаушылар вокзал ғимаратына кіргізілмейді. Яғни, олар пайдаланылмаған билетті қайтару үшін кассаға  бара алмайды.

Мұндай жағдайда жол жүру билетін қалай қайтарады:

  • WhatsApp арқылы bilet.railways.kz сайтында көрсетілген нөмірге (+7 707 270 36 64) билеттің суретін/скриншотын; Ashyq қосымшасындағы статустың суретін/скриншотын; жеке басын куәландыратын құжаттың (төлқұжат/куәлік/туу туралы куәлік және т.б.) суретін жіберу керек;
  • алты ай ішінде (пойыз жөнелтілген күннен бастап) жеке куәліктің түпнұсқасын алып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның кез-келген кассасында пайдаланылмаған билеттің ақшасын қайтару туралы өтініш жазу қажет.
Жаңалықтар
0